25 апреля 2024 - четверг

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости

“Бет алыс – ел игілігі үшін”

2022 жылдың 17 ақпанында Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Qazaqstan» ұлттық арнасында таза қазақ тілінде сұхбат бергенін баршамызда жақсы білеміз. Онда Мемлекет басшысы қаңтар айындағы қасіретке толы оқиғалар жайында сөз қозғаған болатын. Ел жағдайын алға тартып бейбіт митингіге шыққандар әуелде әрине болды және жалпы еліміз бойынша бейбіт шеруге рұқсат берілгенінде жақсы білеміз. Дегенмен жаппай қара халық арасында ойлаған арам пиғылы мен діттегендері бейбіт митингіге шығу емес – керісінше басқарушы билікке қол сұғып, басып алып және арандатушылық жолмен өз көздегендеріне жетуді місе тұтқандар болмады емес. Яғни оларды «Лаңкестер» – десе расында артық емес. Ол рас, оны мойындау қажет. Себебі елі мен жеріне жаны ашыған болса – көшедегі бейбіт тұрғындар мен қауіптіліктерге жол бермеуді көздеген құқық қорғау өкілдері мен өрт сөндірушілер және медицина мамандарын ұрып-соғып, мұндай қанпезерлікке бармас еді. Мемлекеттік және бизнестік ғимараттар мен нысандарды бұзып-қиратып, өртеп және тонамас еді. Әрине, шеруге шыққанның барлығына бірдей қара жабудан аулақпын. Десе де бұл жасалған, нағыз барып тұрған өрескел құқықбұзушылық, елге келтірілген опасыздық дер едім.
Ол туралы Президенттің де айтақанын білерсіздер: «Бір сөзбен айтқанда, соңына қарай алаңға нағыз лаңкестер шықты. Бүлікшілер мыңдаған қару-жарақты ұрлап кетті. Қазіргі уақытта полиция оларды іздеп жатыр. Әзірге түгелдей табылған жоқ. Бұзақылар сол қарудан тағы да адам атуы әбден мүмкін. Сонда мұны кім істеді деген сұрақ туады? Кім жасады? Бейбіт шеруге шыққандар ма? Шын мәнінде, бұл – кәсіби қарақшылардың ісі» – Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын.
Ал енді Мемлекет басшысы ұлттық арнада берген сұхбатында түйіні көп бірқатар мәселелерді де алға тартты. Соның бірі кірісі заң жүзінде көрсетіліп нақты дәлелденбеген қаражат көзін мемлекет қоржынына қайтару. Яғни бұдан былай қымбат көліктері және бары мен байлығын әлеуметтік желілерде ашықтан ашық паш еткен қалталылар, егер оның адал еңбекпен келген жолын дәлелдей алмаса – қағылуы мүмкін. Ол туралы БАҚ көздерінде де айтылып келді. Ал енді Қ.Тоқаевтың ел етегін жинау үшін сенімді айтқаны мынау: «Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Бұл мәселе бойынша Үкімет екі айдан кейін маған нақты ұсыныстарын айтады. Содан кейін жұмыс басталады. Бұл мәселе бойынша ауқымды сараптама жасау керек. Онсыз болмайды. Содан кейін шетелдегі тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізуге кірісеміз. Бұл өте күрделі әрі ұзақ уақытқа созылатын жұмыс болатын сияқты. Оны ашық айтқан жөн. Бірақ әділдікке жету үшін осы жұмысты бастау керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз» – деді ол. Қысқасын қайыра келсек, ендігі жерде елімізде ешқандай бармақ басты-көз қыстыға жол берілмейтіні анық. Елдің байлығы оның қара халқы – жұрты. Олай болса ендігі жердегі бастамалар мен жоба-жоспарлар халық игілігі үшін жасалатынына мен өз басым нық сенімдімін.

«Акцент» Лисаков телевидениесі» ЖШС директоры Дарханбек Аяпбергенов.

17/02/2022

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *