29 февраля 2024 - четверг

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости

Диагностический аппарат премиум-класса теперь имеется в Лисаковске

Лисаковтықтарға енді заманауи түрдегі ультрадыбыстық зерттеуден өту үшін үлкен қалаларға барудың қажеті жоқ. Себебі қаламызға диагностикалық тексеріс жүргізетін, ауруды ерте сатысынан анықтап, нақты көрсетіп беретін hitachi fuji areta 850 әкеліп, орнатылды.

Жаңадан әкелінген ультрадыбыстық зерттеу қондырғы – әмбебап, яғни барлық аурулар бойынша жоғары әрі дәл ақпарат береді. Сондықтан да бағасы қымбат және мұндай облысымыздың басқа жерлерінде жоқ делінді.

Данияр Саркулов «Медтрейд Казахстан» ЖШС сату бойынша менеджері: «”Бүгін біз Лисаков қаласына ультрадыбысты сканер-хитачи фужи арета 850 орнаттық. ҚР мұндайдың 4-5 ғана бар. Қостанай облысында бірінші рет қойылуда. Бұл қондырғы премиум класты. Опциялардың бірегей жиынтығы және датчиктерімен ерекшеленеді. Датчиктер акушерлік-гинекологиялық та, жаппай зерттеулер үшін де, кардиология және транскраниальді зерттеулерде қолданылады».

Транскраниальды сканерлеу – бұл мидың тамырлары мен артерияларын зерттеуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдіс. Жаппай зерттеулерде қатерлі ісіктерді және басқа да аурудың белгілері білінбейтін кезде ерте анықтайтын эластография бар.  

Данияр Саркулов «Медтрейд Казахстан» ЖШС сату бойынша менеджері: «”Осы сканермен ауру белгілері байқалмай тұрып, қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтауға болады. Қалқанша безінің, сүт безінің, ішкі ағзалардың аурулары болған жағдайда, біз осы қосымша опциялар арқылы ең кіші өлшемдегі ісіктерді анықтай аламыз. Бұл ретте сапа мен сенімділікке жапондық өндіруші кепілдік береді».

Ультрадыбыстық зерттеу қондырғы Лисаковқа Прима мед компаниясы тобының бастамасымен қойылып отыр. Құны 60 млн тг.

Сергей Старков Лисаков қалалық мәслихаттың депутаты: «”Лисаков қаласының кәсіпкерінің осындай қымбат тұратын қондырғыны сатып алуға мүмкіндігі болғаны қуантарлық жағдай. Бұл жерде кәсіпкер біріншіден өзінің қалтасын емес, халықтың денсаулығын ойлауда. Себебі мұндай қымбат қондырғының өтелуі ұзаққа созылады».

Тұрғындар ақылы түрде заманауи тексерістен өтуге мүмкіндіктері тууда. Ол үшін 3 шағын ауданда орналасқан №3 дәріханаға таңертеңгі сағат 8-ден 20 дейін баруларына болады. Ол демалыс күндері де жұмыс істейді.

Благодаря сети аптек «Прима Мед», Лисаковск стал счастливым обладателем единственного в нашей области диагностического аппарата премиум-класса, ультразвукового сканера hitachi fuji areta 850 стоимостью более 60 млн тенге. 

Это ультразвуковой сканер hitachi fuji areta 850, таких в Республике не более 5 единиц, в Костанайской области эта модель установлена впервые. Теперь, жители города и близлежащих районов, могут пройти необходимое обследование в самом Лисаковске.

Сергей Старков – Депутат Лисаковского городского маслихата: «Это очень здорово, что наш предприниматель города Лисаковска, имеет такую финансовую возможность, приобрести такой дорогостоящий аппарат. Это долгосрочный проект, окупаемость будет очень долго, мы это прекрасно понимаем, потому, что здесь население очень маленькое и действительно, предприниматель думает не о своём кармане, а о здоровье жителей Лисаковска».

Аппарат имеет богатый набор опций и датчиков, как для общих исследований УЗИ, так и для акушерско-гинекологических, кардиологических, патологий головного мозга и многих других диагностик. А его уникальность – это возможность проведения эластографии, новой методики исследования злокачественных новообразований.

Данияр Саркулов – Менеджер по продажам ТОО «Медтрейд Казахстан»: «При заболевании щитовидной железы, молочной железы, органов брюшной полости, мы можем выявлять новообразование самых минимальных размеров за счёт наличия вот этих, дополнительных опций. При этом, качество и достоверность гарантировано японским производителем».

Укомплектован аппарат и датчиками для объёмного сканирования. 

Данияр Саркулов – Менеджер по продажам ТОО «Медтрейд Казахстан»: «Когда беременная женщина приходит, сроки, допустим 28-32 недели, на 4D сканирование плода, с целью построения его лица на экране аппарата, и последующей печати этих красочных снимков. Кроме этого, здесь есть также датчик, который обладает 4D функцией, то есть мы можем получать отображение органов малого таза у женщин в формате 4D».

Ирина Уварова – Врач ультразвуковой диагностики: «Аппарат очень простой. Достаточно того, что те навыки, которые есть у врача узиста, он может использовать их. То есть, специальной какой-то подготовки здесь не нужно, возможности у аппарата достаточно большие и важно то, что этот препарат премиум класса, что очень важно, сейчас в диагностике УЗИ используются».

Стоит сказать и о наличии в здании аптеки, где находится аппарат, широких проходов, обеспечивающих доступ гражданам с ограниченными возможностями. Дополнительную информацию о приеме можно узнать по номеру 8 775 373 03 78, и, по словам администрации, для удобства работающих граждан, пройти обследование можно будет не только в выходные дни, но и в вечернее время. Также в планах у компании “Прима Мед”, приглашать в выходные дни специалистов из области или столицы.

12/09/2023

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *