28 мaя 2024 - вторник

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости

Лисаков қалалық ауруханасында, денсаулық сақтау нысанын мүгедектердің талабына сай бейімдеу үшін, ауқымды жұмыстар жүргізілуде


Қалалық аурухананың стационарына кіре беріс жерде мнемосызба орнатылған. Бұл зағиптар мен көру қабілеті нашар адамдар алдын-ала кеңістіктікті бағдарлауға арналған ақпаратты бейнелеудің тактильді-визуалды құралы болып табылады. Осы сұлба арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар, аурухана ішінде қалай жүріп тұру керектігін біле алады. Сонымен бірге, арбаға танылған жарым жандар үшін пандус талапқа сай өзгертілген. Ең бастысы, бұл жерде емхана қызметкерлерін шақыруға арналған қоңырау бар.
Төлеген Турлугулов, Лисаков қалалық ауруханасының ТҚ бойынша инженері: “Бұл жердегі пандустың ұзындығын 9 метрге ұзарттық. Себебі бұрын ол биіктеу болып, мүгедектердің кіріп шығуына кедергі келтірген. Қазір біршама қолайлы етіп жасадық. Ені нормаға сай келеді, тек биіктігін өзгерттік”. Ауруханаға кіреберіс топтағы, сонымен бірге ғимарат ішіндегі кейбір есіктерде айырбасталған. Төлеген Турлугулов: “Есіктерді стандарт бойынша, яғни 90 см дейін кеңейттік. Бұрын шамамен 5-6 см айырмашылық болған. Әрине, бұл белгіленген нормаға сай келмейді, сондықтан мүгедектерге қолайлы болу үшін, осындай өзгерістер енгіздік”.
Емхананың барлық қабаттарында зағиптар жүретін жолақтар мен тактильді белгілер тақтасы да бар. Сондай ақ, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы етіп жасалған. Жуырда науқастанушылардың дәрігер кабинетіне кіру үшін жарық дабылдарын орнату жоспарлануда. Лисаков қалалық ауруханасының ТҚ бойынша инженері: “Науқастанушылар үшін кіру шығу дабыл түймелері. Қызыл түсті шам жанып тұрса, демек бос емес дегенді білдіреді, ал егер жасыл болса, онда кіруге болады дегенді білдіреді. Бұлда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жасалып жатқан қолайлы жағдай болмақ”
Аурухана өкілдері, жүргізіліп жатқан жұмыстар мұнымен тоқтамайды, алдағы уақытта баспалдақтардағы тұтқалар мен қоршауларды ауыстыруды көздеп отыр. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, әлеуметтік нысандарға кедергісіз кірулеріне жағдай жасалуда.

12/04/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *