08 октября 2024 - вторник

Акцент

Лисаковское телевидение

Правопорядок, Социальная сфера

Лисаков қаласы полиция бөліміне мамандар қажет.

Лисаков қаласының полиция бөлімі бос орындарға кадрларды қажет етеді. Лисаков қаласы полиция бөлімінің бастығы Қазбек Бисембаев, Қостанай облысының полиция Департаментінің Лисаков қаласы полиция бөлімі келесі қызметтерге ішкі істер органдарына кадрлық толықтыруларды жүзеге асырады деді. Учаскелік полиция инспекторы, патрульді полиция инспекторы, тергеуші, криминалдық полициясының уәкілі, жол және техника тобының инспекторы, көші-қон қызметінің инспекторы, уақытша ұстау изоляторының полицейі, тылмен қамтамасыз ету тобының старшинасы, 102 операторы. Бірақ бұл қызметтерге тұру үшін қойылатын талап та бар. Үміткер ҚР азаматы болуы міндетті және жасы 35-тен аспаған, бойы жігіттердікі 170, қыздардің бойы 160 см-ден төмен болмау, нақты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімінің болуы, сонымен бірге ҚР заңдарын білуі туралы тест сертификаты қажет және медициналық психологиялық-физиологиялық тексеруден өтулері керек. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетіледі. Ол зейнеткерлікке ерте шығу, ақысыз медициналық қызмет алу, жалдамалы тұрғын үй үшін қызметкерге де, оның отбасы мүшелеріне де әр қайсысына 47 мың теңгеден төлем жүргізу, ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін кезектен тыс жеңілдіктерге ие болады. Қалалық полиция бөліміне жұмысқа тұруды қалайтындар 3-25-71 телефоны арқылы ақпараттар алуға болады.

29/05/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *