«Болашақ» бөбекжай-бақшасында «Менің Республикам - менің мақтанышым!» атты мерекелік тәңертенгілік өтті
Шара барысында тәрбиешілер балаларға тәуелсіздігіміздің маңыздылығы туралы қысқаша әңгімелеп, ұлттық тарихымыздың символы Алтын Адамды таныстырды. Ол балалармен ой бөлісіп, елін сүюге, бірлікті қастерлеуге шақырды. Мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, шара барысында жігіттердің батырлық биі, домбыра әуенімен хореографиялық көрініс ұсынылды, сонымен қатар қыз балалар "Бидай" ұлттық биін орындады. Мерекеде балалар белсенділік танытып, түрлі танымдық ойындар мен сайыстарға қатысып, балабақша акт залында ерекше мерекелік көңіл-күй орнап, шара жоғары деңгейде, қызықты әрі мазмұнды түрде өтті. Балалар жүрегіне Отанға деген махаббат ұялатқан бұл шара – олардың болашақта елін сүйетін азамат болып өсуіне үлкен әсер берері анық.
Праздничные мероприятия к Дню Республики
За 4 дня пятеро водителей — лисаковчан оштрафованы на 294 900 тенге
Пікірлер — жақында!
Біз талқылау жүйесімен жұмыс істеп жатырмыз. Жақында сіз өз пікіріңізбен бөлісіп, басқа оқырмандармен араласа аласыз.