Шұғыл
В середине апреля пронозируются заморозки В середине апреля пронозируются заморозки
Жаңалықтар

Лисаков медицинасы: премиум-класты диагностикалық жабдық енді біздің қалада

Р
Редакция
12.09.2023
1
Лисаков медицинасы: премиум-класты диагностикалық жабдық енді біздің қалада

Лисаковтықтарға енді заманауи түрдегі ультрадыбыстық зерттеуден өту үшін үлкен қалаларға барудың қажеті жоқ. Себебі қаламызға диагностикалық тексеріс жүргізетін, ауруды ерте сатысынан анықтап, нақты көрсетіп беретін hitachi fuji areta 850 әкеліп, орнатылды.


Жаңадан әкелінген ультрадыбыстық зерттеу қондырғы - әмбебап, яғни барлық аурулар бойынша жоғары әрі дәл ақпарат береді. Сондықтан да бағасы қымбат және мұндай облысымыздың басқа жерлерінде жоқ делінді.


Данияр Саркулов «Медтрейд Казахстан» ЖШС сату бойынша менеджері: «"Бүгін біз Лисаков қаласына ультрадыбысты сканер-хитачи фужи арета 850 орнаттық. ҚР мұндайдың 4-5 ғана бар. Қостанай облысында бірінші рет қойылуда. Бұл қондырғы премиум класты. Опциялардың бірегей жиынтығы және датчиктерімен ерекшеленеді. Датчиктер акушерлік-гинекологиялық та, жаппай зерттеулер үшін де, кардиология және транскраниальді зерттеулерде қолданылады».


Транскраниальды сканерлеу - бұл мидың тамырлары мен артерияларын зерттеуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдіс. Жаппай зерттеулерде қатерлі ісіктерді және басқа да аурудың белгілері білінбейтін кезде ерте анықтайтын эластография бар.  


Данияр Саркулов «Медтрейд Казахстан» ЖШС сату бойынша менеджері: «"Осы сканермен ауру белгілері байқалмай тұрып, қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтауға болады. Қалқанша безінің, сүт безінің, ішкі ағзалардың аурулары болған жағдайда, біз осы қосымша опциялар арқылы ең кіші өлшемдегі ісіктерді анықтай аламыз. Бұл ретте сапа мен сенімділікке жапондық өндіруші кепілдік береді».


Ультрадыбыстық зерттеу қондырғы Лисаковқа Прима мед компаниясы тобының бастамасымен қойылып отыр. Құны 60 млн тг.


Сергей Старков Лисаков қалалық мәслихаттың депутаты: «"Лисаков қаласының кәсіпкерінің осындай қымбат тұратын қондырғыны сатып алуға мүмкіндігі болғаны қуантарлық жағдай. Бұл жерде кәсіпкер біріншіден өзінің қалтасын емес, халықтың денсаулығын ойлауда. Себебі мұндай қымбат қондырғының өтелуі ұзаққа созылады».


Тұрғындар ақылы түрде заманауи тексерістен өтуге мүмкіндіктері тууда. Ол үшін 3 шағын ауданда орналасқан №3 дәріханаға таңертеңгі сағат 8-ден 20 дейін баруларына болады. Ол демалыс күндері де жұмыс істейді.

#Лисаковск #Жаңалықтар #Жаңалықтар #2023

Пікірлер — жақында!

Біз талқылау жүйесімен жұмыс істеп жатырмыз. Жақында сіз өз пікіріңізбен бөлісіп, басқа оқырмандармен араласа аласыз.