Шұғыл
В середине апреля пронозируются заморозки В середине апреля пронозируются заморозки
Жаңалықтар

Лисаков қаласы әкімдігінде

Р
Редакция
16.04.2024
0

Мемлекет басшысы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында зиянды өнеркәсіп орындарында еңбек ететін жұмысшыларға 55 жастан бастап арнайы төлем төлеуді қарастыруды тапсырған болатын. Осы орайда, ағымдағы жылдың басынан Қостанай облысы бойынша жұмыстар басталып, бүгінгі күні аталмыш жәрдемақыны алуға 610 адамнан өтініш түскен, содан 88-і Лисаков қаласынан. Шынғысбек Сұлтанбеков, Қостанай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Департамент басшысы:
"Бұл жәрдемақыны алу үшін ең басты шарты 55 жасқа толу, сонымен бірге, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 5%-ті 84 ай, яғни кемінде 7 жыл бойы төленген болуы керек. Осы екі шарт міндетті түрде орындалған жағдайда олар арнаулы әлеуметтік төлемдер алуға құқылы".


Арнаулы әлеуметтік төлемдер төрт қаржыландыру көзінен жүргізіледі. Шынғысбек Сұлтанбеков: "Ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде республикалық бюджеттен төленеді, бұл сомма 86 814 теңгені құрайды. Екінші -1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл 43 407 тг. Үшінші - 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, яғни 43 407 теңгені сақтандыру компаниялары төлейді. Және 4-ші төлем - қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-нан жүргізіледі".


Төлем зейнет жасына толғанға дейін жүзеге асырылады. Арнайы әлеуметтік төлем алу үшін жұмысшы зиянды еңбек жағдайы жоқ басқа жұмысқа ауысуға немесе еңбек шартын бұзуға құқылы. Қостанай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Департамент басшысы: "Қостанай облысы бойынша жыл соңына дейін аталмыш жәрдемақыны 1300 адам алады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. 2025 жылы -1400, 2026 жылы 1600 адам алады деп жоспарлануда. Осылайша, арнайы әлеуметтік төлем алу 55 жастағы қызметкерлерге зиянды еңбек жағдайларында жұмысын тоқтатуға мүмкіндік береді".


Әрі қарай, комиссия отырысында, Қостанай облысы бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" филиалының өкілі, халықты МӘМС жүйесімен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 84%, яғни 700 мыңнан астам адам сақтандырылған. Тимур Ақжанов,
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы: "Лисаков қаласында сақтандырылған азаматтардың саны 29648 адамды немесе 85,2% құрайды. Айта кету керек, есепті кезеңде сақтандырылған азаматтар санының оң динамикасы байқалады, атап айтқанда 582 адам "сақтандырылған" мәртебесін алды"

#Лисаковск #Жаңалықтар #Жаңалықтар #2024

Пікірлер — жақында!

Біз талқылау жүйесімен жұмыс істеп жатырмыз. Жақында сіз өз пікіріңізбен бөлісіп, басқа оқырмандармен араласа аласыз.