Об итогах работы за первую половину 2023 года
Кеше жергілікті әкімдікте Лисаков қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Жиын барысында әкім Абай Ибраев қаламыздың 2023 жылдың 6 айы ішіндегі әлеуметтік, экономикалық дамуы бойынша есеп берді. Жиын барысында бірінші болып сөз алған әкім Абай Ибраев, 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында қаламызда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі – 108% құрап, 44 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, яғни өткен жылмен салыстырғанда өнім өсімі 12,2% жеткен. Абай Ибраев Лисаков қаласының әкімі: "КБКБ бойынша боксит өндіру көлемі 5 жарым пайызға төмендеп, 2,1 млн. тоннаны құрады. "Өркен" ЖШС Лисаков филиалы бойынша темір кені концентратының өндірісі 66,7% - ға өсіп, 250 мың тоннаны құрады. Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 108,4% құрады, 9,1 млрд.теңгенің өнімі шығарылған, бұл өткен жылдан 2,8% - ға артық". Инвестицияларды тарту және өнеркәсіп өнімінің құрылымын әртараптандыру мақсатында Лисаков қаласында 178 жаңа жұмыс орындарын құрумен жалпы құны 1 млрд. 780 млн. теңгенің инвестициялық жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап спирт өндіру бойынша "Азия Алко" ЖШС өз өндірісін бастады. 57 жұмыс орны ашылды. Болашақта тағы 50 жұмыс орнын құра отырып, алкоголь өнімін шығару бойынша өндірісті кеңейту көзделуде. Абай Ибраев: «Жақын арада қалада диализ орталығы ашылады. Осы орайда Астана қаласының "Nephrolife" ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде. Кем дегенде 10 төсек-орынға арналған толыққанды стационар "Леал"ғимаратында орналасады. 10-ға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда, қазіргі уақытта қызметкерлерді жалдау жүргізілуде. Наурыз айында 7 шағын ауданда "Inari" супермаркеті пайдалануға берілді. Жобаның құны 250,0 млн. теңге, 20 жұмыс орны құрылды. 1 шағын ауданында құны 430,0 млн. теңге, 26 жұмыс орнын құрумен "Алақай" спорттық-ойын-сауық саябағының бірінші кезегі ашылды. 2-ші кезекті пайдалануға беру 2024 жылы жоспарланып отыр». Бүгінгі күні қаламызда "ConfidentLis" ЖШС стоматологиялық пунктінің құрылысы аяқталып, өз жұмысын бастады, 15 адам еңбек етуде. Ағымдағы жылы "Солнечный" супермаркетінің құрылысы жоспарлануда. Осы орайда, 150 жұмыс орнын ашу көзделуде. Инвестиция сомасы шамамен 1 млрд. теңге. Азық түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында, қаламызда ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. Абай Ибраев: «Лисаков қаласында жыл басынан бері жергілікті азық-түлік кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларының 6 жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізілді. Мұнда нарықтағыдан төмен бағада жалпы сомасы 20,5 млн.теңгеге 18,4 тонна өнім сатылды және тұрақтандыру қорынан тауарлар жеткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып тұрады». Ағымдағы жылы Лисаковта 2021 жылы басталған үш жобаны іске асыру жалғасуда. Абай Ибраев: «КО-1 қысымды құбыржолын қайта қалпына келтіру. Верхне Тобольская көшесіндегі шаруашылық су құбырын жаңарту, ол жерде шамалап жұмыстар қалды. Сонымен бірге 3 және 1-ші шағын аудандардағы магистральдық жылу желісін жөндеу жұмыстары аяқталып, осы аптада аймақты абаттандыру толық бітеді». Биыл жылу, су, электрмен жабдықтау желілерін құру және қайта қалпына келтіру бойынша 10 ірі жобаны іске асыру басталды, осы орайда 4 млрд. астам қаржы бөлінген. Қала халқын баспамен қамту мақсатында, өткен жылы 7 шағын ауданда 105 пәтерлі 9 қабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен бірге "Мирас" ғимаратының бір бөлігін қайта жаңарту" жобасы аяқталып, 12 пәтер медицина қызметкерлеріне берілді. Абай Ибраев: «Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде қала бойынша 493 адам тұр. Осы орайда кезекті төмендету мақсатында, 1 шағын аудан, 10 үй мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараттың бір бөлігін тұрғын үйге қайта қалпына келтіру жобасының ЖСҚ әзірленуде. Сондай ақ, 7 шағын ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй салу бойынша тағы бір жобаны бастаймыз, қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде». Биыл қаланы абаттандыруға жалпы 407 млн. теңге бөлінген. Яғни санитарлық тазалау, көгалдандыру, бейнебақылау камералары, воркуттар, балалар алаңдары, спорт алаңдары, тротуарлар, автотұрақтарды орнатуға. Абай Ибраев: «2023 жылы тротуарларды орнату жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатта 36 млн. теңге бөлінген, жоспарланған жұмыс көлемі 2,5 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап Лисаков қаласының шағын аудандарында авто тұрақтар орнату бойынша жоспарлы жұмыс басталды. Биыл автотұрақтарды орнатуға 114 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 2023-2025 жылдар кезеңінде қаланың тұрақ мәселесін 100% шешу жоспарлануда». Биыл жалпы сомасы 296 млн. теңгеге жолдарға орташа жөндеу жүргізу бойынша жобаларды іске асыру басталды. Осы орайда 6 шақырымнан астам жол төсеніштері жаңартылады деп күтілуде, бұл өз кезегінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 78% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Абай Ибраев, сонымен бірге білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтаудың дамуына тоқталып, бұл салалар тұрақты бақылауда екендігін атап өтті. Депутаттар қала әкімінің есебін тыңдап, сұрақтарын қойып, бір ауыздан мақұлдап, қабылдады.
Пікірлер — жақында!
Біз талқылау жүйесімен жұмыс істеп жатырмыз. Жақында сіз өз пікіріңізбен бөлісіп, басқа оқырмандармен араласа аласыз.