23 ноября 2024 - суббота

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости

11 шағын аудан №9 үйдің тұрғындары тазалық байқауының жеңімпаздары

Көктем келгелі Лисаковта тазалық жұмыстары мен қаланы көркейту істері қызу жүріп жатыр. Қараусыз қалған аймақтар мекеме, ұйымдарға бөлініп беріліп, ол жерлер де күл-қоқыстан тазартылған. Сенбіліктерге тұрғындарды жұмылдыру мақсатында «Центр коммунального управления» ЖШС-гі сәуірдің 11-19 аралығында “Ең белсенді үй” байқауын жариялаған. Оған 44 үйден 369 адам қатысқан. Оның 20-сы бала болды делінді. Үлкен-кіші барлығы бірге үй аулуларын тазартуға шыққан. Нәтижесінде 11 шағын аудан №9 үй тұрғындары жеңімпаз атанған. Біз тазалық жұмыстарына шыққан әр үйге тырма, күректер және басқа қажетті құралдарды бердік. Байқау нәтижесі сенбілікке қатысушылардың санына, тұрғындардың орындаған жұмыс көлеміне қарай бағаланды. Тұрғындар жақсы қатысты. 11 шағын аудан №9 үй жеңімпаз болды. Оларда 54 пәтерден 41 адам сенбілікке қатысты. Жеңімпаз үй тұрғындарына 70 мың теңгенің сертификаты табысталды деді «Центр коммунального управления» ЖШС атқарушы директоры Евгений Горбенко.

Тұратын жерлерін көркейтіп, сонымен бірге ақшалай сыйлық иеленген 11 шағын аудандағы 9 үй үш жылдан бері меншік иелері бірлестігінде. Оны осы нысан салынғаннан бері тұрып келе жатқан Татьяны Кубрак басқарады. Оның сөзінше үйлерінің өз чаты бар. Сол жерде сенбілік туралы ақылдасқан. Тұрғындар оған қатысуға ниетті екендіктерін, бірақ белгіленген бір уақытта қолдары босамайтындарын жеткізген. Сондықтан сенбілікті 3 кезеңге бөліп өткізуді шешкен. 17 сәуірде таңертеңгі сағат 10 және кешке сағат 18 деп белгілеген. Ол күні қатыса алмайтындарға сенбі күнін қойған. Тұрғындар өз айналаларынан басқа жерді де қалыпқа келтірген. Сенбілікке жанұялармен шықты. Ерлер көп болды. Олар үй айналасы таза, енді не істейміз деп сұрады. Біздің үйге қатысы жоқ болса да, күтілмеген жер бар дедік. Ол үймен шіркеу арасындағы табиғи аймақ. Сондықтан ол жерлердегі шашылған бұтақтарды жинап, жарамсыздарын кесіп, ағаштарды қалыпқа келтіріп, жол жиек тастарын ақтадық. Бәрі шаршады, бірақ орындалған жұмыс нәтижесін, әдемі көріністі көріп, қуанды-деді Татьяны Кубрак. Ынтымақтың түбі-игілік, тірлік түбі-бірліктің арқасында қала іші жайнап сала берді. Ұйымдастырушылар мұндай байқауды жаз айларында да өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.






15/05/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *