Кеше жергілікті әкімдікте Лисаков қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Жиын барысында әкім Абай Ибраев қаламыздың 2023 жылдың 6 айы ішіндегі әлеуметтік, экономикалық дамуы бойынша есеп берді.
Жиын барысында бірінші болып сөз алған әкім Абай Ибраев, 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында қаламызда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі – 108% құрап, 44 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, яғни өткен жылмен салыстырғанда өнім өсімі 12,2% жеткен.
Абай Ибраев Лисаков қаласының әкімі: “КБКБ бойынша боксит өндіру көлемі 5 жарым пайызға төмендеп, 2,1 млн. тоннаны құрады. “Өркен” ЖШС Лисаков филиалы бойынша темір кені концентратының өндірісі 66,7% – ға өсіп, 250 мың тоннаны құрады. Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 108,4% құрады, 9,1 млрд.теңгенің өнімі шығарылған, бұл өткен жылдан 2,8% – ға артық”.
Инвестицияларды тарту және өнеркәсіп өнімінің құрылымын әртараптандыру мақсатында Лисаков қаласында 178 жаңа жұмыс орындарын құрумен жалпы құны 1 млрд. 780 млн. теңгенің инвестициялық жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап спирт өндіру бойынша “Азия Алко” ЖШС өз өндірісін бастады. 57 жұмыс орны ашылды. Болашақта тағы 50 жұмыс орнын құра отырып, алкоголь өнімін шығару бойынша өндірісті кеңейту көзделуде.
Абай Ибраев: «Жақын арада қалада диализ орталығы ашылады. Осы орайда Астана қаласының “Nephrolife” ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде. Кем дегенде 10 төсек-орынға арналған толыққанды стационар “Леал”ғимаратында орналасады. 10-ға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда, қазіргі уақытта қызметкерлерді жалдау жүргізілуде. Наурыз айында 7 шағын ауданда “Inari” супермаркеті пайдалануға берілді. Жобаның құны 250,0 млн. теңге, 20 жұмыс орны құрылды. 1 шағын ауданында құны 430,0 млн. теңге, 26 жұмыс орнын құрумен “Алақай” спорттық-ойын-сауық саябағының бірінші кезегі ашылды. 2-ші кезекті пайдалануға беру 2024 жылы жоспарланып отыр».
Бүгінгі күні қаламызда “ConfidentLis” ЖШС стоматологиялық пунктінің құрылысы аяқталып, өз жұмысын бастады, 15 адам еңбек етуде. Ағымдағы жылы “Солнечный” супермаркетінің құрылысы жоспарлануда. Осы орайда, 150 жұмыс орнын ашу көзделуде. Инвестиция сомасы шамамен 1 млрд. теңге. Азық түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында, қаламызда ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп тұрады.
Абай Ибраев: «Лисаков қаласында жыл басынан бері жергілікті азық-түлік кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларының 6 жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізілді. Мұнда нарықтағыдан төмен бағада жалпы сомасы 20,5 млн.теңгеге 18,4 тонна өнім сатылды және тұрақтандыру қорынан тауарлар жеткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып тұрады».
Ағымдағы жылы Лисаковта 2021 жылы басталған үш жобаны іске асыру жалғасуда.
Абай Ибраев: «КО-1 қысымды құбыржолын қайта қалпына келтіру. Верхне Тобольская көшесіндегі шаруашылық су құбырын жаңарту, ол жерде шамалап жұмыстар қалды. Сонымен бірге 3 және 1-ші шағын аудандардағы магистральдық жылу желісін жөндеу жұмыстары аяқталып, осы аптада аймақты абаттандыру толық бітеді».
Биыл жылу, су, электрмен жабдықтау желілерін құру және қайта қалпына келтіру бойынша 10 ірі жобаны іске асыру басталды, осы орайда 4 млрд. астам қаржы бөлінген. Қала халқын баспамен қамту мақсатында, өткен жылы 7 шағын ауданда 105 пәтерлі 9 қабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен бірге “Мирас” ғимаратының бір бөлігін қайта жаңарту” жобасы аяқталып, 12 пәтер медицина қызметкерлеріне берілді.
Абай Ибраев: «Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде қала бойынша 493 адам тұр. Осы орайда кезекті төмендету мақсатында, 1 шағын аудан, 10 үй мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараттың бір бөлігін тұрғын үйге қайта қалпына келтіру жобасының ЖСҚ әзірленуде. Сондай ақ, 7 шағын ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй салу бойынша тағы бір жобаны бастаймыз, қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде».
Биыл қаланы абаттандыруға жалпы 407 млн. теңге бөлінген. Яғни санитарлық тазалау, көгалдандыру, бейнебақылау камералары, воркуттар, балалар алаңдары, спорт алаңдары, тротуарлар, автотұрақтарды орнатуға.
Абай Ибраев: «2023 жылы тротуарларды орнату жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатта 36 млн. теңге бөлінген, жоспарланған жұмыс көлемі 2,5 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап Лисаков қаласының шағын аудандарында авто тұрақтар орнату бойынша жоспарлы жұмыс басталды. Биыл автотұрақтарды орнатуға 114 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 2023-2025 жылдар кезеңінде қаланың тұрақ мәселесін 100% шешу жоспарлануда».
Биыл жалпы сомасы 296 млн. теңгеге жолдарға орташа жөндеу жүргізу бойынша жобаларды іске асыру басталды. Осы орайда 6 шақырымнан астам жол төсеніштері жаңартылады деп күтілуде, бұл өз кезегінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 78% – ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Абай Ибраев, сонымен бірге білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтаудың дамуына тоқталып, бұл салалар тұрақты бақылауда екендігін атап өтті. Депутаттар қала әкімінің есебін тыңдап, сұрақтарын қойып, бір ауыздан мақұлдап, қабылдады.
Насколько выполнены поставленые задачи, как ведутся ремонтные и подготовительные работы к отопительному сезону, какие разработаны планы на предстоящий период. Аким города Лисаковска, Абай Ибраев, отчитался об итогах работы за первую половину 2023 года.
Согласно доклада акима города Лисаковска, за первое полугодие 2023 года, в сфере промышленного производства выпущено продукции почти на 45 млрд. тенге, индекс физического объема составил – 108,4%.
Аким г. Лисаковска Абай Ибраев: «По КБРУ объем добычи боксита был снижен, не значительно, на 5,6%. Но, в то же время, надо отметить, что Лисаковский филиал ТОО «Оркен» производство железорудного концентрата выросло на 66%. Это хороший показатель. Также, мы наблюдаем то же самое в обрабатывающей промышленности, на 8% с лишним. У нас рост в физическом объеме продукции, мы наблюдаем в порядке 3%».
Сумма инвестиций в основной капитал составила чуть более 11 с половиной млрд. тенге, показатель прошлого года был — 12 с половиной млрд. тенге. С целью привлечения денежных средств в город Лисаковск, реализуются инвестпроекты, общей стоимостью 1 млрд 780 млн. тенге, в ходе которых будет создано порядка 178 рабочих мест.
Абай Ибраев: «С апреля текущего года начал свое производство новое ТОО «Азия Алко» по производству спирта. Создано 57 рабочих мест. В перспективе расширение производства по выпуску алкогольной продукции с созданием еще 50 рабочих мест. В ближайшее время в городе будет открыт диализный центр ТОО «NephroLifе»,г.Астана. Полноценный стационар минимум на 10 койко-мест будет располагаться в здании «Леал». Уже идет набор сотрудников. В марте введен в эксплуатацию супермаркет «Inari» в районе 7 микрорайона. Стоимость проекта 250,0 млн. тенге, создано 20 рабочих мест».
Кроме этого, в 1 мкр продолжается строительство спортивно-развлекательного парка «Алакай», с созданием 26 рабочих мест. В 2024 году, планируется открыть полноценные аттракционы, мягкие модули для детей. Аквапарк, солевую шахту, массажную и душевые кабины.
Завершено строительство стоматологического пункта «ConfidentLis», в котором создано 15 рабочих мест.
Ведется работа с инвесторами, и по реализации проектов, на общую сумму 5,2 млрд. тенге, с созданием 260 рабочих мест.
Аким г. Лисаковска Абай Ибраев: «Уже начинаются работы строительные супермаркета «Солнечный». Общая площадь здания – 6 219,7 м2, планируется создание 150 рабочих мест. Сумма инвестиций более 1 млрд. Тенге. По «Челябинский химический завод «Оксид» планирует строительство завода по производству оксид цинка и сплавов цинковых литейных. В рамках данного проекта планируется создать порядка 110 рабочих мест. Предполагаемая стоимость 4,2 млрд. тенге».
Проводится работа и в рамках реализации Национального проекта по развитию предпринимательства на 2021-2025 годы.
Аким г. Лисаковска Абай Ибраев: «Одобрено по субсидированию 4 проекта, на общую сумму 54 млн.тенге, гарантирование 3 проекта на сумму 26,0 млн.тенге. Имеется 11 потенциальных заемщиков на общую сумму 132,5 млн.тенге. В местный городской бюджет поступило 2,9 млрд. тенге, это за полугодие. По сравнению с прошлым годом мы видим рост, почти 32%,более 700 млн. тенге. И надо отметить, что по расходной части, в прошлом году все расходы у нас инвестиционные проекты на строительство, ремонты, текущее содержание благоустройства, и так далее. В прошлом году составил 8 млрд тенге, в этом году сумма уже превысила 11 млрд тенге».
Также, аким отметил, что объекты жизнеобеспечения города работают в штатном режиме, и в этом году планируется завершить реконструкции уличного хозпитьевого водопровода по улице Верхнетобольской, магистральной тепловой сети и тепловой сети в 3 мкр, а также реконструкцию напорного трубопровода КО – 1, коллектор очищенных стоков.
Кроме этого, начата реализация еще 10 крупных проектов, на общую сумму — более 4х с половиной млн. тенге.
Аким г. Лисаковска Абай Ибраев: «Строительство хозпитьевого водопровода поселка Октябрьский, Газификация и прокладка инженерных сетей 19 микрорайона, Реконструкция двух водопроводных сетей, Реконструкция теплосети, Реконструкция двух воздушных линий, Капитальный ремонт водогрейного котла и Реконструкция тепловой сети в районе школы интернат- хлебозавод. На сегодняшний день цифра по физическому износу тепловых сетей составляет порядка 41%, в этом году если мы работу по тепловым сетям завершим, то естественно мы ожидаем снижения и нагрузки физического объёма износа наших тепловых сетей, также мы благодаря этим работам снизим износ водопроводных сетей канализационным сетям по электросетям, также сократится износ и теплоэнергетического комплекса».
Своей очереди на жилье в Лисаковск ожидают 493 человека, и в целях ее снижения, будет проведена Реконструкция части административного здания по адресу 1 микрорайон 10 дом, под 21 квартиру. Планируется построить и новый дом.
Аким г. Лисаковска Абай Ибраев: «Проект по строительству 60 –квартирного жилого дома в 7 микрорайоне города с подведением инженерных сетей (7-18). На ПСД уже выделены деньги, сейчас ПСД проходит экспертизу, ориентировочно порядка 800 млн. тенге нам на эти цели потребуется. Будем просить уже с вышестоящего бюджета. Также актуальным остается вопрос индивидуального жилищного строительства. На сегодняшний день очередность на участки по городу составляет 200. Как я говорил выше, после прокладки инженерных коммуникаций, в 19 микрорайоне будут у нас новые 80 участков, в последующем мы для наших очередников будем предоставлять».
Также, в этом и последующих годах, продолжится благоустройство города, в том числе средний и текущий ремонт дорог.
Аким г. Лисаковска Абай Ибраев: «На текущий ремонт дорог города Лисаковска выделено 25,0 млн. тенге, это ямочный ремонт. Также, идет разработка 3 проектно-сметных документаций, это «Строительство дороги от малоэтажной застройки 23, 24 мкр. до лагеря Алый парус», «Обустройство кольцевого движения на въезде в п. Октябрьский», «Устройство асфальтового покрытия, дорожки и брусчатки, от гостиницы Алина до набережной в городе Лисаковск», это на пляж. Это позволит расширить сеть и увеличить протяженность дорог к 2025 году еще на 2 км новых дорог, а долю дорог в хорошем состоянии довести до 82%».
Также, аким города Абай Ибраев, отдельно остановился на вопросах занятости населения и оздоровительных мероприятиях для детей. Отметил , что развитие сфер образования, культуры, спорта и здравоохранения находится под постоянным контролем, а общественно-политическая ситуация города – стабильна.