24 ноября 2024 - воскресенье

Акцент

Лисаковское телевидение

Коммунальная сфера, Новости

Машиналарды қоятын автотұрақтар жетпейді! Ағымдағы жылы 15 мың шаршы метр жерге тұрақтар орнату көзделуде.

Өткен жылы қаламызда шамамен 13 мың текше метр жерге 15 автотұрақтар орнатылған болатын. Ағымдағы жылы бұл жұмыстар жалғасатын болады. Осы орайда, құрылысты астаналық “Реагент” ЖШС жүргізеді деп күтілуде.

“Мердігер фирма құрылыс монтаж жұмыстарын 10 мамырдан кейін, яғни мерекелерден соң бастауды жоспарлап отыр. Оған дейін жер құрғап, технологияға сай жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік болады. Осы орайда, біз келісімшартты екі жылға бекіттік”, – Лисаков қаласы әкімдігінің ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы, Асылбек Тұрсынов, айтты.

2 жылға түзілген келісім шарт бойынша, жергілікті бюджеттен автотұрақтарды орнатуға 150 млн.теңге қарастырылған. Соның 40 млн. осы жылы жұмсалатын болады.

ТКШ бөлімі басшысынын сөзінше: “Ағымдағы жылы бүкіл қала бойынша жалпы көлемі 15 мың шаршы метр тұрақ орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта бізге 44 өтініш түскен. Әрине, біз барлық өтінімдерді, бір мезетте орындай алмаймыз. Өтініштердің бізге түсу уақыты, күні бойынша қарастыратын боламыз”.

ТҮКШ бөлімінің басшысы, бірінші кезекте әлеуметтік нысандар аймақтары қамтылады, дейді. Яғни, халық көп шоғырланатын жерлер. Мәселен, осы жазда ХҚКО айналасын кеңейтіп, автотұрақтар орнату көзделуде.

Асылбек Тұрсынов: “Бізге жергілікті полициядан Парковая көшесі жағынан Лисаков қалалық ауруханасы жанына тұрақ орнату жайлы өтінім түскен болатын. Ол жерде де техникалар көп жиналып қалады. Сонымен бірге, сауда орындары айналасы да қамтылатын болады. Жалпы ағымдағы жылға жоспарымыз осындай. Барлық 15 мың шаршы метрді бір маусымда бітіруді көздеп отырмыз. Бастысы мердігер фирма жауапкершілікті болып, барлық шартты дер кезінде орындаса дейміз”, деп атап өтті.

Сонымен бірге, мүмкіндігінше қаламыздағы 1 ден бастап 11-ші дейін, барлық дерлік шағын аудандарда қамтылады деп жоспарлануда. Асылбек Тұрсыновтың сөзінше, осы орайда аулалар мен кварталішілік жолдардың жағдайы тексеріліп, оларды кеңейту жағыда қарастырылады.

23/04/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *