24 ноября 2024 - воскресенье

Акцент

Лисаковское телевидение

Коммунальная сфера, Социальная сфера

Тұрғын үй көмегін алуда өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі күні 200 ден астам лисаковтықтар тұрғын үй көмегін алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарын тапсырған. Осы жылы бұл жәрдемақы түріне бір қатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Тұрғын үй көмегі дегеніміз – аз қамтылған отбасыларға жеке тұрғын үйді немесе оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған оның бір бөлігін ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеу үшін берілетін төлем. Осы орайда, ағымдағы жылы бұл жәрдемақыға бір қатар өзгертулер енгізілген болатын.

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі Индира Агибаева: “Құжаттарды Егов порталы арқылы ұсынуға және ақпараттық жүйеге байланысты өзгертулер енгізілді. Бұрын тұрғын үй көмегі әр өңірде бөлек көрсетілген болса, ал қазір бізде бірыңғай ақпараттық жүйе бар, яғни тұрғын үй көмегі бүкіл Қазақстан бойынша бірыңғай көрсетіледі” деп атап өтті.

Аталмыш өзгерістерге сай, қазір қызмет алушылар элкетрондық портал арқылы қажетті құжаттарды ұсынады. Ол үшін, алдымен Егов порталынан жылжымайтын мүлікті тауып, әрі қарай тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне, содан тұрғын үй көмегін тағайындауға және қызмет түрлеріне кіріп, сол жерде коммуналдық қызмет бойынша көрсеткіштерді енгізу қажет.

Индира Агибаеваның сөзінше: “ӨШБ, ТҮКШ және газ бойынша барлық түбіртектерді алып, әр қайссын бөлек бөлек енгіземіз. Мәселен, қаңтар, ақпан, наурыз, яғни үш айға жағылған жылу көлемін көрсетеміз. Ыстық және суық су, газбен қамтуды да үш айға енгіземіз. Сонымен бірге, ЖҮЖК мен меншік иелері бірлестіктері кондоминимум үшін қоқыс шығару, электр энергия және егер лифт болса, онда солар бойынша да төлемдер енгізіледі”

Сондай ақ, азамат қай айда жолыққандығына қарамастан, тұрғын үй көмегі сол тоқсандағы барлық үш айға тағайындалады. Мәселен, сіз құжаттарды маусым айында берсеңіз, онда сізге сәуір, мамыр, маусымға тұрғын үй көмегі беріледі. Отбасылық шығыстардың шекті рұқсат етілген деңгейін жергілікті мәслихат белгілейді және тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің 5 пайызы алынады.

“Мәселен азаматтың орташа айлық жиынтығы 100 мың теңге, содан 5 проценті – 5 мың теңге болады. Қызмет алушы осы 5 мыңды өзі төлейді, ал қалғанын тұрғын үй көмегі ретінде өтеледі. Әрине, бұл жерде әр адамға жеке есептеледі. Ол үшін бізге келіп, кеңес алуға болады. Біз қандай құжаттар керек, қайда бару керек түсіндіреміз. Және есептеп береміз, яғни осы көмек түрін алуға құжаттарды ұсынуға бола ма жоқ па, айтамыз” дейді, Лисаков қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы.

Тұрғын үй көмегін алу үшін, “электрондық үкімет” веб-порталына немесе жергілікті ХҚКО-на тоқсанына бір рет жүгінуге болады. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды. Осы орайда, бүгінгі күні 200 ден астам қала тұрғындары жолыққан. Екінші тоқсанға құжаттарды қабылдау маусым айының соңына дейін жүргізіледі.

24/04/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *