
Баға жетпес байлықтың бірі – кітап, оны насихаттаушы – кітапханашы. Ол – оқырманның қызығушылығын қалыптастырып, сұранысын қанағаттандыратын маман иесі. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Лисаковта ең бірінші кітапхана сонау 1967 жылы ашылған. Қазіргі уақытта орталық кітапханадан бөлек, жергілікті колледж жатақханасында 2-ші филиал, балалар кітапханасы және Октябрь кентінде №1-ші филиал жұмыс істейді. Бүгінгі күні осы салада 30 астам адам еңбек етеді. Лисаков қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры міндетін атқарушы Ғалия Бимурзина: “Біздің құрметті кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Зор денсаулық, шығармашылық жетістік, табыс және барлық бастамаларына сәттілік тілеймін” деп атап өтті. Цифрлық технологиялар дәуірінде де кітапханалар өз маңызын жоғалтқан жоқ – олар заманауи білім, идея және қарым-қатынас орталығына айналуда. Мұнда қажетті кітапты ғана емес, жаңа идеяларды да табуға болады. Ал осының бәріне жол көрсететін кітапханашы.
