25 ноября 2024 - понедельник

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости

«120 ЧАСОВ ПРЕЗИДЕНТА ТОКАЕВА В АКОРДЕ». КАК ЭТО БЫЛО.

Құрметті Берік Уәлиұлы, Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жарияланып жатыр. Бүгін осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасадыңыз. Тарқатып айтып берсеңіз.

– Иә, Президенттің шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер көбейіп кетті. Осыған байланысты бүгін арнайы мәлімдеме жасау қажет деп санадым. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де солай болған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды. Осы сәтті пайдалан отырып, тағы да айтқым келеді: Мемлекет басшысының жұмысы туралы ақпаратты таратып, түсіндіруге Президенттің Баспасөз хатшысынан басқа ешкімнің хақысы жоқ. Яғни, мен ғана ақпарат таратамын.

Бірнеше күн бойы елімізде болған төтенше оқиғалар мен террорлық әрекеттер жағдайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрбір шешімін халық, тіпті шетелдік ақпарат құралдары жіті бақылап отыр. Мұндай қиын кезде Жоғарғы Бас қолбасшыға да оңай емесі анық. Президенттің жұмысын баспасөз қызметі таратып жатқан ақпараттардан оқып, біліп отырмыз. Ақордадан күні-түні ақпарат түсіп жатыр. Осы күндері Баспасөз қызметін негізгі ньюсмейкер болғанын жасыра алмаймыз. Мемлекет басшысы қандай жағдайда жұмыс істеп жатыр?

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Маңғыстауда басталып, 4 қаңтарда ауқымы кеңейіп, соңы террорлық шабуылға ұласқан сәттен бастап Ақордада жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы күні-түні нон-стоп режимінде жұмыс істеп, елдегі жағдайды толық бақылауында ұстап отыр. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, жағдай шиеленіскен тұста елді тұрақтандыру үшін дер кезінде батыл шешімдер қабылдап, халыққа эфир арқылы үндеулерін жолдауда.

Өзіңіз айтып отырған 4 қаңтар күні кешке қарай жағдай күрделеніп, елді үрей биледі. Дәл сол сәтте Ақордада қандай оқиғалар болды?

– Түнгі сағат 11-лерде Президент елде қалыптасқан жағдайды халыққа баяндап, Үндеу арнайтыны белгілі болды. Жұмысқа 10 минутта шұғыл жеттім. Шынын айту керек Мемлекет басшысы сол жерде компьютерде мәтін теріп отырған хатшысына сөйлейтін сөзін ауызша айтып тұрды. Баспасөз қызметі камераларды қойып, дыбысын реттеп жылдам ұйымдастырып, Қасым-Жомарт Кемелұлының мәлімдемесін таспаға түсірдік. Президенттің халыққа арнаған сөзін бірден республикалық телеарналарға жолдадық.

Сол бірінші Үндеуінде Мемлекет басшысы: «Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды!», – деп нақты шегелеп айтты.

Сол сәттен бері Президенттен бастап бәріміз әлі жұмыста жүрміз. 5 күн болды. Ақордада түнеп, жұмыс істеп, бір сөзбен айтқанда сол жерде ақпарат таратып жатырмыз. Басшылық резиденцияда елдегі жағдайды бақылап, күні-түні шұғыл шешімдер қабылдауда. Мемлекет басшысы осындай сын сағатта халықпен бірге боламын деді, сөзінде тұрды.

Жаңа 2022 жылдың алғашқы күндері тарихымыздағы қиын күндер боп есте қалатыны анық. Президенттің қиын шақта жылдам әрі батыл түрде шешім қабылдағанын халық жақсы қабылдап, қолдау білдіріп жатыр. Осы күндері болған Мемлекет басшысы жұмысының хронологиясын толығырақ айтып берсеңіз.

Иә, дұрыс айтасыз. Бұл күндер – шынымен де естен кетпейтін тарихи сәттер. Айтып өткенімдей, Қасым-Жомарт Кемелұлы бірден жағдайды толық бақылауына алды. 5 қаңтар күні шамамен түнгі сағат 2-де Маңғыстау облысы мен Алматы қаласына Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Сағат 5:30-да мені Президент кабинетіне шақырды да сағат 7:00-де шұғыл жиын өтетінін, Өзі Премьер-министр Асқар Маминнің отставкасын қабылдағанын айтты. Мемлекет басшысы маған жиын басталған сәтте Ақорданың ресми сайтына Үкіметтің отставкасы туралы бірден ақпарат шығаруым керектігін тапсырды. Одан кейін 15 минуттан кейін Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринды тағайындау, тағы 15 минуттан кейін ҰҚК бірінші орынбасары Мұрат Нұртілеуді тағайындау туралы Жарлықтар уақытылы жариялануы керек деген тапсырма берді. Сосын маған «Сағат қазір 6 болды. Бір сағатың бар пресс-релиздеріңзді әзірлей бер», – деді. Сол тапсырмаға сәйкес біз сайтымыз арқылы ақпараттарды уақтылы халыққа тараттық.

Президент елдегі жағдай ушығып бара жатқаннан кейін сол күні түс кезінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысына Төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады.

Сол 5 қаңтар күні түс ауа Қасым-Жомарт Кемелұлының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болғаны белгілі болды. Эфир арқылы халық алдына шығып, екінші Үндеуін жариялайтынын айтты. Сол Үндеуінде Президент: «Бұзақы топтардың әрекеттері жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Бұл қаржыландырылған бүлікшілердің жан-жақты ойластырылған жоспары екенін дәлелдейді. Бұл – қаскөйлердің қитұрқы әрекеті. Сондықтан Мемлекет басшысы және бүгіннен бастап Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет етемін. Бұл – өмірін қорғап қалуға өтініш білдірген көптеген азаматымыздың қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Халық мені қолдайтынына сенімдімін. Қандай жағдай болса да мен елордада боламын. Халықпен бірге болу – менің Конституциялық міндетім», – деп қадап айтты.

Бұл Үндеу сол 5 қаңтар күні кешкі 6 жарымда шықты.

Осы мәлімдемеден кейін Қазақстан Президенті Республиканың барлық аймағына Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтарға қол қойды. Кешке қарай Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

Ал түнгі 11 жарымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің төарағасы ретінде алғашқы отырысын өткізді. Жиында Президент: «Бұл – қауіп қана емеc, бұл – мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау. Олар менен, Мемлекет басшысы ретінде тез арада өздерін қорғауды сұрайды. Азаматтарымыздың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – менің Конституциялық міндетім. Сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме білдірілген өтініш – уақытылы әрі толығымен дұрыс қабылданған шешім», – деп мәлімдеді.

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін 1 сағаттан соң Президент бірқатар аса маңызды кадрлық өзгерістер жасады. Атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімовтің орнына Ермек Сағымбаевты және Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы етіп Сәкен Исабековті тағайындады. 6 қаңтар күні Үкіметке 10 нақты әрі шұғыл тапсырма берді. Сол жерде бәрі қамтылған.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттік пен Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа кадрлар тағайындау жөнінде шешім қабылдады. Сол күні түстен кейін Түркияның Президентімен телефон арқылы сөйлесті.

7 қаңтар күні таңғы сағат 7:00-де Қасым-Жомарт Кемелұлы Лаңкестікке қарсы штабтың отырысын өткізді. Сол күні түскі сағат 2 жарымда Қазақстан халқына кезекті Үндеуін жасады. Сол Үндеуінде Президент: «Террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда.

Құқық қорғау органдары мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім. Күштік құрылымдар бұл міндетті моральдық және техникалық тұрғыдан орындауға дайын», – деді. Халық осындай батыл мәлімдеме күтіп отырса керек, бірден қолдап кетті. Көпшілік күткен шешуші мәлімдеме болды деп ойлаймын.

8 қаңтарға қараған түні Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасына елдегі ахуалды әлемдік қауымдастыққа жан-жақты түсіндіретін ағылшын тіліндегі бірнеше твит жария етті. Ал таңертең сағат 8 жарымда Лаңкестікке қарсы штабтың кезекті отырысын өткізді. Күндіз Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Юрий Ильинді қабылдады. Түскі үзіліс кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Беларусь елдерінің президенттерімен телефон арқылы сөйлесті. Сол күні «террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – деген Өкімге қол қойды. Ертең қаралы күн. Ту төмен түсіріліп, қаза болған азаматтарды еске аламыз. Ал кешке қарай бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады.

Бүгін таңғы 8-де Мемлекет басшысы Лаңкестікке қарсы штабтың кезекті отырысын өткізді. Осы отырыста тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырды.

Бұлардың арасында күштік құрылымдардың бірінші басшыларын қабылдап, олардың ақпаратын, есебін тыңдап жүр.

Қазір есептеп қарасақ, Мемлекет басшысы 4 қаңтардан бері 100-сағаттан астам демалыссыз, үзіліссіз жұмыс істеп жатыр екен. Өздеріңіз байқап отырғандай, соңғы аптадағы Президенттің жұмыс хронологиясын қарасаңыз берілген тапсырмалар мен қабылданған шешімдері, өткізген жиналыстары күндізгі жұмыс уақытына байланбай, күнде де, түнде де үздіксіз болып жатыр.

Осындай қарқынмен еңбек етіп жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шын мәнінде күні-түні елдегі жағдайды өзі бақылап отыр. Алда бұдан көп қыруар шаруа күтіп тұр. Мемлекет басшысы қашан демалады?

– Елдегі ахуалды көріп отырсыздар. Ең ауыр кезеңі артта қалған сияқты. Конституциялық заңдылықтар барлық аймақта қалпына келіп жатқанын Мемлекет басшысы мәлімдеді. Әрине, бұл жағдай Президенттің елдің қауіпсіздігін кірпік қақпай қорғағанының нәтижесінде оңалып келеді. Өзінің Үндеуінде осы кезде қолдау білдірген барша қазақстандыққа шынайы алғысын білдірген болатын. Менің білуімше, осы күрделі күндері Қасым-Жомарт Кемелұлы тәулігіне 1 немесе 2 сағат қана көз шырымын алып қана еңбектеніп жүр. Тіпті бір-екі күн бұрын таңғы жиналыстың алдында «бүгін 2 сағат демалдым, бұның өзі жақсылықтың белгісі», – дегені бар.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы туралы сұрағым келеді. Бітімгерлік күштердің миссиясы қандай болмақ?

– Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлік күштерінің негізгі миссиясы – стратегиялық нысандарды күзету. Стратегиялық нысандарды ОДКБ әскерилері қорғағандықтан, біздің қарулы күштерімізге террористер көп шоғырланған Алматы қаласы мен Алматы облысында еркін қимылдап, олардың көзін жоюға мүмкіндік берді. Жағдай тұрақталған соң миссиясы аяқталады. Бірден өз елдеріне қайтады. Осы сәтті пайдаланып айта кетейін, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ОДКБ-ның кезектен тыс сесиясы онлайн форматта өтеді. Сол жиында Президент еліміздегі ахуал бойынша әріптестеріне толыққанды мәлімет береді. Ақорданың ресми сайтынан ақпарат күтіңіздер. Президент айтпақшы, жалған ақпараттарға сенбей, тек қана ресми мәлімет көздеріне сеніңіздер дегім келеді.

Уважаемый Берик Уалиевич, по последним решениям и обращениям Главы государства в блогосфере публикуются различного рода интерпретации. Сегодня вы сделали заявление касательно этого вопроса. Расскажите, пожалуйста по подробнее об этом.

Да, в эти дни в блогосфере количество разного рода интерпретаций о решениях и обращениях Президента по текущей ситуации в стране значительно возросло. В связи с этим, я счел необходимым сделать специальное заявление. Касым-Жомарт Токаев является высшим должностным лицом государства, Председателем Совета Безопасности. И в этом качестве он самостоятельно принимает решения. Так было и в трагические дни нападения бандитов на Казахстан с целью подрыва конституционного строя. Все свои обращения к соотечественникам он по традиции писал сам, не прибегая к поддержке консультантов». В этой связи, позвольте еще раз напомнить, что никто кроме пресс-секретаря Президента Казахстана, не должен разъяснять деятельность Касым-Жомарта Токаева в средствах массовой информации.

Сейчас практически все мировые СМИ с пристальным вниманием следят за развитием ситуации в Казахстане. На Касым-Жомарта Токаева как на Главу государства и Верховного главнокомандующего ложится колоссальная ответственность и нагрузка. В последние дни Пресс-служба Президента стала главным ньюсмейкером страны. Информационные сообщения из Акорды поступают круглые сутки, днем и ночью. Расскажите пожалуйста, в каких условиях работает Глава государства в эти напряженные дни?

Хочу откровенно сказать, что Касым-Жомарт Кемелевич Токаев с 4 января, когда митинги в Мангистауской области приобрели масштабный характер, распространившись на все регионы страны, и по сей час находится на своем рабочем месте в Акорде. Он круглые сутки в нон-стоп режиме, практически без сна уверенно держит руку на пульте управления страной, принимая самые решительные действия для стабилизации ситуации.

4 января началась стремительная эскалация ситуации в ряде регионов. Расскажите подробней об этом дне. Что в это время происходило в Акорде?

Так совпало, что в этот день у меня был день рождения, который я отмечал дома в кругу семьи. В 22.20 ко мне поступила информация, что через 40 мин Касым-Жомарт Кемелевич планирует выступить с заявлением по поводу ухудшения ситуации на фоне беспорядков. Через 20 мин я уже находился в Акорде. Наша пресс-служба оперативно отработала все необходимые организационные моменты для записи выступления. При этом тогда в зале уже находился Касым-Жомарт Кемелевич. Времени на подготовку выступления не было. Там же за 20 минут Президент сам сформулировал весь текст выступления, который продиктовал своему помощнику на компьютере. Сразу после этого со спич-трибуны было записано заявление, которое через 30 мин уже было показано на телеканалах. С тех пор и по сей час Глава государства и все руководство Администрации Президента находятся в Акорде, круглосуточно отслеживая ситуацию в стране и принимая оперативные решения.

Все происходящее сейчас однозначно останется в истории как один самых трудных периодов для страны. Расскажите о хронологии этих событий.

Действительно, то, как дальше развивалась ситуация, в том числе в Акорде, останется в памяти на всю жизнь. Говоря о хронологии развития событий, когда стало очевидным, что большинство так называемых «протестующих» в Алматы и ряде других регионов страны преследуют совсем иные цели и являются настоящими террористами и преступниками, стало понятно, что это настоящая угроза целостности государства.

Примерно в 2 часа ночи 5 января Президент принял решение ввести чрезвычайное положение в Мангистауской области и городе Алматы.

В 5.30 утра Президент вызвал меня к себе в кабинет и сообщил, что через полтора часа ровно в 7 часов он проведет срочное совещание, на котором объявит о принятии прошения об отставке Премьер-министра Аскара Мамина. Касым-Жомарт Кемелевич дал мне поручение, что через 5 мин сразу после начала совещания немедленно опубликовать на официальном сайте Акорды информацию об отставке Правительства, а затем с интервалом в 15 мин своевременно выдать указы о назначении Ерлана Карина Государственным секретарем и Мурата Нуртлеу на должность первого заместителя КНБ. Потом он мне сказал: «Уже 6 часов утра. У тебя есть ровно час на подготовку пресс-релиза о предстоящем совещании».

На фоне продолжения дестабилизации ситуации ровно в полдень Президент принял решение о введении режима ЧП в Нур-Султане и Алматинской области.

После обеда стало известно о том, что Касым-Жомарт Кемелевич Токаев возглавил Совет Безопасности. Это стратегически важное решение стало поворотным моментом.

В 18.30 Глава государства выступил с обращением к народу Казахстана, в котором дал оценку ситуации и заявил, что как глава Совбеза намерен действовать максимально жестко в отношении хулиганствующих элементов.

Сразу после этого Касым-Жомарт Кемелевич подписал указы о введении чрезвычайного положения во всех остальных регионах страны. Вечер Президента продолжился телефонными переговорами со всеми главами государств ОДКБ.

В 23.30 этого же дня он провел первое под его председательством заседание Совета Безопасности, в ходе которого заявил о начале контртеррористической операции в Алматы, а также сообщил о решении обратиться к главам государств ОДКБ оказать помощь нашей стране в преодолении террористической угрозы.

6 января в час после полуночи Президент произвел ряд важных кадровых назначений в системе Комитета национальной безопасности и Службы государственной охраны. В частности, вместо Карима Масимова председателем КНБ был назначен Ермек Сагимбаев. Сакен Исабеков возглавил Службу госохраны. В полдень кадровые решения продолжись сменой руководителя Агентства по стратегическим реформам.

В полдень Касым-Жомарт Токаев дал Правительству ряд срочных поручений, направленных на стабилизацию ситуации. В этот же день Глава государства провел телефонные переговоры с президентами Узбекистана и Турции.

7 января в 7 часов утра Касым-Жомарт Кемелевич провел заседание контртеррористического штаба.

В 14.30 Президент Казахстана выступил с очередным обращением к народу. В своей речи он заявил о том, что правоохранительным органам и армии им дан приказ открывать огонь на поражение по террористам без предупреждения.

В полночь 8 января Глава государства на своем аккаунте в твиттере опубликовал серию твитов на английском языке с разъяснениями о конкретных причинах произошедших в стране событий, адресованное международному сообществу.

Утром в 8.30 Касым-Жомарт Кемелевич провел очередное заседание контртеррористического штаба, в полдень принял и.о. министра по чрезвычайным ситуациям. В обед Президент провел телефонные переговоры с президентами России и Беларуси, а также с эмиром Катара. Сразу после этого он подписал Распоряжение об объявлении 10 января днем общенационального траура в связи гибелью людей в результате совершенных в стране террористических актов. К вечеру Касым-Жомарт Токаев подписал ряд кадровых распоряжений.

Сегодня в 8 утра Президент провел очередное заседание оперативного штаба, в ходе которого он поручил создать Правительственную комиссию по вопросам ликвидации последствий, причиненных в результате беспорядков в отдельных регионах.

К этому моменту начиная с 4 января прошло уже почти 120 часов непрерывной работы Касым-Жомарта Кемелевича в Акорде. При этом необходимо отметить, что Президент принимает руководителей силовых и других ведомств, работает с документами, различными данными и аналитическими материалами, заслушивает доклады, получает актуальные сводки по текущей ситуации в стране. Он получает выверенную информацию по всем каналам связи.

Судя по хронологии событий, очевидно, что Глава государства держит контроль над страной круглосуточно. А как же время на отдых и восстановление сил?

Вы прекрасно видите текущую ситуацию в стране. Думаю, что самый тяжелый период уже позади. Глава государства заявил, что конституционная законность постепенно восстанавливается во всех регионах. Поэтому я убежден, что в такое сложное для страны время в интенсивном графике работы находить время для сна весьма сложно. Насколько я знаю, Касым-Жомарт Кемелевич в среднем спал за этот период по 2 часа в день.

И последний вопрос, расскажите, каковы цели и задачи миротворческой миссии ОДКБ в стабилизации текущей ситуации в стране.

Главная миссия миротворческих сил ОДКБ, находящихся сейчас в Казахстане, заключается в обеспечении охраны стратегических объектов. Это разгрузило наши вооруженные силы и позволило им сконцентрироваться на борьбе с ликвидацией террористов в Алматы и Алматинской области. Как только ситуация в стране стабилизируется, миссия миротворческого контингента ОДКБ завершится, и миротворцы вернутся в свои страны. Также хочу сообщить, что завтра по предложению Президента Касым-Жомарта Токаева в онлайн-формате состоится внеочередная сессия Совета коллективной безопасности ОДКБ, в ходе которой он подробно расскажет коллегам по блоку о текущей ситуации в Казахстане. Информация об итогах предстоящего саммита будет опубликована на официальном сайте Акорды.

11/01/2022

Сказочный Лисаковск

По информации отдела ЖКХ, при подготовке города к Новому году в основном использовались уже имевшиеся украшения, однако есть такая традиция встречать Новый год с чем-то новым, и ею городские власти пренебрегать не стали.

Приобретение новых украшений обошлось бюджету в 10 миллионов тенге. Кроме этого, оказали помощь в преображении города и Лисаковские бизнесмены.

Порадует детишек и их родителей ледовый городок за зданием Дворца культуры и спорта. В этом году его постройка обойдется бюджету города в 4 млн. 800 тыс тенге. Там, как обычно, жители смогут скатиться с большой горки, порезвиться в ледовой чаше, и поблуждать по лабиринту.

28/12/2021

Встреча главы города с предпринимателями

В начале встречи аким города наградил юбилейной медалью «50 лет Лисаковску» директора «Лисаковского завода железобетонных изделий» Геннадия Нестерова и индивидуального предпринимателя Серикбола Иткаринова.

Затем руководитель отдела предпринимательства и сельского хозяйства акимата города Лисаковска Алмат Батпанаев доложил о проделанной в 2021 году работе и рассказал о государственных программах поддержки бизнеса. С начала 2021 года в рамках государственной программы “Дорожна карта бизнеса” было просубсидировано 19 проектов на общую сумму 224,7 млн. тенге, прогарантировано 15 проектов на общую сумму 75,4 млн. тенге. В рамках государственной программы поддержки и развития бизнеса 12 августа посредством ЗУМ была проведена защита проектов, претендующих на получение государственных грантов. По итогам комиссии из 5 представленных проектов от города Лисаковска был одобрен один проект на сумму 5 млн. тенге.

С целью активизации обучения основам предпринимательства в городе ежегодно проводятся курсы по проекту «Бастау бизнес». В 2021 году таким образом повысили свою грамотность 40 человек.

На постоянной основе отделом предпринимательства и сельского хозяйства проводится информационно-разъяснительная работа, так с начала 2021 года проведено 5 встреч посредством ЗУМ-конференций.

Также информация распространяется в СМИ и социальных сетях. Второй вопрос, поднятый на встрече, – проект реконструкции лагеря «Алый парус». Он был открыт в 1972 году. С тех пор капитального ремонта не производилось.

Надежда Патрикеева (руководитель отдела архитектуры и градостроительства акимата г. Лисаковска) рассказала, что летние домики обветшали, кровля и пол частично пришли в негодность. Лагерь не отвечает современным требованиям по организации летнего отдыха и оздоровления школьников, прежде всего, по требованиям санитарно-эпидемиологической службы и пожарной безопасности.

В настоящее время имеется устаревший проект на реконструкцию лагеря «Алый парус» на общую сумму 385 миллионов тенге. Ряд местных предприятий и предпринимателей готовы поддержать реализацию этого проекта в следующем году: КБРУ, ТОО “Имсталькон”, ТОО “Арай-Холдинг”, ТОО “Спецстальконструкция”, ТОО “Дон-Мар”.

Также аким г. Лисаковска Абай Ибраев предложил в строительстве ЛЭП и инженерных сетей поучаствовать “Уста+”, “Лисаковскгоркоммунэнерго”.

Так, по словам Абая Ибраева, благодаря местному акимату и предпринимателям, к лету будут отремонтированы и сданы в эксплуатацию домики лагеря, столовая, медпункт, а также спортивные и детские площадки.

28/12/2021

28/12/2021

28/12/2021