28 мaя 2024 - вторник

Акцент

Лисаковское телевидение

Образование

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар.

Лисаковта бастауыш сынып мұғалімдері үшін №4 жалпы білім беретін мектепте облыстық семинар ұйымдастырылды. Ол “Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы заманауи тәсілдер”-деген тақырыпта жүргізілді. Семинар басында қалалық білім бөлімінің ақпараты берілді.
Лисаковта барлығы 83 бастауыш сынып мұғалімі жұмыс істейді. Соның ішінде 47-нің 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ұстаздардың ішінде өздерінің авторлық оқулықтарын шығарғандар, облыстық, Республикалық білім додаларында жүлдегер, жеңімпаз атанған бірнеше педагог болғандықтан, үлкен іс-шараға осы жақ таңдалып алынған деді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Әдістемелік орталығы” КММ әдіскері Ғайнеш Бекмағанбетова.

Оқытуда заманауи тәсілдерді қолданатын тәжірибелі жергілікті педагогтар қонақтар үшін ашық сабақтар өткізді. Сонымен бірге шеберлік сыныптар болды.



26/04/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *