17 мaя 2024 - пятница

Акцент

Лисаковское телевидение

Культура

Бір шаңырақ астында

Қазақ елінде жергілікті ұлтпен бірге түрлі этностар тату-тәтті өмір сүруде. Олар өздерінің мәдениеттерін сақтаумен бірге ҚР-ның мемлекеттік тілін білуге талпынуда. Біздің Лисаковта тілдер оқыту орталығы арқылы қазақша үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдері көп. Солардың арасында “Бір шаңырақ астында” атты қалалық байқау өтті. Оған түрлі салада еңбек етіп жүрген орыс, азербайжан, поляк және марий ұлт өкілдерінен жеті адам қатысты. Қатысушыларға төрт тапсырма берілді. Бірінші өздерін таныстырды. Одан кейін шығармашылық қырларын көрсетті. Бірі достық, татулық туралы мақал-мәтел айтса, екіншісі бірлік күніне арналған құттықтауын жеткізді, сонымен бірге ақындар өлеңдерін жатқа айтып бергендер де болды. Барлық сынақта Елена Барисовна ерекше көзге түсті. Ол өзінің қазақ тілін білуге деген құштарлығы мен махаббатын көрсетіп, қорытындысында әділ-қазылардың шешімімен жеңімпаз атанды. Мен азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істеймін. Жұмыста сатып алушылармен қазақ тілінде сөйлесемін. Әріптестерімізбен қазақ тілінде сөйлесуге тырысамын. Маған қазақша сөйлеу өте ұнайды. Мен қазақ тілін үйренуді жалғастырамын дейді Елена Грабовская.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдерін қолдауға арналған байқау барысында қазақ халқының ұлттық тағамдары, салт-дәстүрлері мен ойындары туралы сұрақ-жауаптар болды. Сондай-ақ “Ас-адамның арқауы”-деген кезеңде нәзік жандылар өздерінің ұлттық тағамдарын пісіріп алып келіп, олардың дайындалу тәсілімен бөлісті. Қалалық шара дархан қазақ елінде түрлі ұлт пен ұлыстардың татулықта өмір сүріп жатқандарын паш етіп, бірлік түбі-тірлік екенін насихаттай білді. Байқау нәтижесінде бас жүлденің сыртында 1,2,3 орындар берілді. Қатысушылардың барлығы да марапатталды. Дипломдар мен сыйлықтар тарту етілді.


02/05/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *