27 июля 2024 - суббота

Акцент

Лисаковское телевидение

Образование, Правопорядок

“Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау” бойынша комиссия жергілікті мектеп интернатта болып, оқу ордасының жұмысымен танысты.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссия мүшелері алдымен мектеп интернаттың тұрмыс тіршілігімен танысты. Балалар оқу ордасында білім алумен қатар, 30 дан астам үйірмелерде қол өнермен айналысады. Ұлбалалар ағаш жонып, темір соғып, түрлі заттар жасайды. Ал қызбалалар тігіс тігіп, тоқып, тіпті аспазшы мамандығында меңгереді екен. Сонымен бірге, логопед кабинетінде тілі дұрыс шықпаған балалармен жеке дәрістер жүргізіледі. Науқастанып қалған балаларға толық медициналық көмек көрсетіледі. Және интернат тәрбиеленушілері үшін демалып, теледидар қарау үшінде арнайы бөлме де жабдықталған. Бүгінгі таңда мектеп-интернатта 119 бала оқиды. Содан толық отбасыларынан шыққан 59 бала, толық емес отбасылардан – 60. Бір отбасы ювеналды полиция есебінде тұрады. Ал мектепішілік есепте 12 бала бар. “Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты” МКК директоры

Альбина Донченко: “Есепте тұрған әрбір балаға портфолио жасалады. Есепке қоюдың себептері: әлеуметтік мінез-құлық, қаңғыбастық, қашу, жаман әдеттер, аутодеструктивті мінез-құлық. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп-интернат жұмысының негізгі бағыттары: ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-психологиялық, сабақтан тыс жұмыстар. Жыл басында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жоспары жасалды” деп атап өтті. Мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Және оқушылар мәселелері директор жанындағы кеңестерде, жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында, сынып және тәрбие сағаттарында қаралады. Бұл мектеп-интернат Қостанай облыстық білім басқармасының қарамағында, соған қарамастан Лисаков қаласы әкімдігі тарапынан жан жақты қолдау көрсетіліп келеді. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның төрағасы Саят Шаймұрынов: “Өткен жылы мектеп интернаттың жылу құбырлары толық жаңартылды. Өзіңіз әкімдік жиынында, қыс мезгілінде оқу ордасы жылы болып қалды деп бірнеше рет айттыңыз. Сонымен бірге, өткен жылы облыстан төбе шатырды күрделі жөндеуге қаржы бөлініп, олда жаңартылды” Комиссия мүшелері мектеп-интернат директорының баяндамасын тыңдап, өз сұрақтарын қойып. Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу барысында жұмыстарды жалғастыру керектігін тапсырды.

24/05/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *