29 апреля 2024 - понедельник

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости

Лисаков қаласы әкімдігінде “Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссиянының” кезекті отырысы өтті.

Мемлекет басшысы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында зиянды өнеркәсіп орындарында еңбек ететін жұмысшыларға 55 жастан бастап арнайы төлем төлеуді қарастыруды тапсырған болатын. Осы орайда, ағымдағы жылдың басынан Қостанай облысы бойынша жұмыстар басталып, бүгінгі күні аталмыш жәрдемақыны алуға 610 адамнан өтініш түскен, содан 88-і Лисаков қаласынан. Шынғысбек Сұлтанбеков, Қостанай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Департамент басшысы:
“Бұл жәрдемақыны алу үшін ең басты шарты 55 жасқа толу, сонымен бірге, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 5%-ті 84 ай, яғни кемінде 7 жыл бойы төленген болуы керек. Осы екі шарт міндетті түрде орындалған жағдайда олар арнаулы әлеуметтік төлемдер алуға құқылы”.

Арнаулы әлеуметтік төлемдер төрт қаржыландыру көзінен жүргізіледі. Шынғысбек Сұлтанбеков: “Ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде республикалық бюджеттен төленеді, бұл сомма 86 814 теңгені құрайды. Екінші -1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл 43 407 тг. Үшінші – 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, яғни 43 407 теңгені сақтандыру компаниялары төлейді. Және 4-ші төлем – қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-нан жүргізіледі”.

Төлем зейнет жасына толғанға дейін жүзеге асырылады. Арнайы әлеуметтік төлем алу үшін жұмысшы зиянды еңбек жағдайы жоқ басқа жұмысқа ауысуға немесе еңбек шартын бұзуға құқылы. Қостанай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Департамент басшысы: “Қостанай облысы бойынша жыл соңына дейін аталмыш жәрдемақыны 1300 адам алады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. 2025 жылы -1400, 2026 жылы 1600 адам алады деп жоспарлануда. Осылайша, арнайы әлеуметтік төлем алу 55 жастағы қызметкерлерге зиянды еңбек жағдайларында жұмысын тоқтатуға мүмкіндік береді”.

Әрі қарай, комиссия отырысында, Қостанай облысы бойынша “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” филиалының өкілі, халықты МӘМС жүйесімен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 84%, яғни 700 мыңнан астам адам сақтандырылған. Тимур Ақжанов,
“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы: “Лисаков қаласында сақтандырылған азаматтардың саны 29648 адамды немесе 85,2% құрайды. Айта кету керек, есепті кезеңде сақтандырылған азаматтар санының оң динамикасы байқалады, атап айтқанда 582 адам “сақтандырылған” мәртебесін алды”.

Алайда, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, бүгінгі күнге дейін сақтандырылмаған адамдар бар. Яғни Қостанай облысы бойынша, “Е” категориясына кіретін тұрғындардың саны шамамен 130 мыңға жуық. Біздің қаламызда 182 адам бар. Тимур Ақжанов: “Жобалық кеңсенің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жергілікті бюджет қаражатынан “Е” азаматтарының шұғыл санаттары үшін МӘМС жарналарын төлеу бойынша қажетті нормативтік актілерді қабылдау жоспарланғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты әрбір адам бойынша әлеуметтік портретті толтыра отырып, осы санаттағы сақтандырылмаған адамдарды өңірлік штабтармен және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамту қажет”.

Жиын барысында, сонымен бірге Лисаков қаласындағы кәсіподақ ұйымдарының жүргізіп жатқан жұмыстары бойынша да, есеп тындалды. Қазіргі уақытта қаламызда 5 мыңнан астам қызметкері бар жеті кәсіподақ ұйымы бар: бұлар – КБКБ, “Өркен” ЖШС ЛФ, “Лисаковскрудстрой”, ӨШБ, қалалық білім бөлімі, мемлекеттік мекемелер, орталық қалалық аурухана. Лариса Бондарчук, “Лисаков қалалық ауруханасы” КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы: “Лисаков қаласының кәсіподақтарды Үйлестіру кеңесінің төрағасы ретінде айтарым, қала кәсіпорындарында ұжымдық шарттар бекітуге үлкен көңіл бөлінеді. Жасалған ұжымдық шарттардың қоғамдық маңыздылығы олардың әлеуметтік шиеленістер мен ұжымдық еңбек дауларының туындау тәуекелдерін жою тетігі болып табылады. Қала аумағында 100 ұжымдық шарт тіркелген, бұл 78,1 % құрайды”.

Лисаков аймағында ұжымдық шартты алғашқылардын бірі болып КБКБ бекіткен. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің мүшелігінде 2690 адам бар.

Игорь Пахомов, “Қазақстан алюминиі” АҚ КБКБ кәсіподақ комитетінің төрағасы: “Кәсіподақ мүшелігімен қамту қызметкерлердің жалпы санының 99,9% құрайды. Оның құрамында 8 цехтық кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді, олар цехтарда, жергілікті жерлерде өз қызметкерлерінің – кәсіподақ мүшелерінің көптеген еңбек, әлеуметтік және экономикалық мәселелерін ойдағыдай шешеді. Кәсіподақ комитеті 8 мүшеден, әр кәсіподақ шеберханасынан бір өкілден сайланды”.

Қала әкімі Абай Ибраев “Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссиянының” отырысын қортындылай келе, осы бағытта жұмыстарды әрі қарай жалғастыру керектігін тапсырды.

16/04/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *