02 ноября 2024 - суббота

Акцент

Лисаковское телевидение

Образование

Лисаков техникалық колледжінде дәстүрлі “Жастар бастамасы-2024” марафоны өтті.

Бұл ісшара “Жастар бастамасы” хакатон марафоны деп аталады. Және 3 жылдан бері колледж базасында өткізіліп келеді. Хакатон – бұл форум, шығармашылық алаң деуге болады. Бүгін бұл алаңға Лисаков мектептерінің 9 сынып оқушылары жиналған. ЛТК директоры Александр Щетина: “Бұл негізінен 9 сыныптан кейін мектептен шығып, арнайы орта білім беретін оқу ордаларына барғысы келетін оқушылар. Сондықтан, олар үшін бүгінгі шараны ұйымдастырдық, оқушылар келіп, өз көзімен көріп, біздің колледжбен жақынан танысады. Осылайша болашақ мамандықтарын таңдайды” деп атап өтті. ЛТК білім беру жұмысын 26 біліктілік 18 мамандық бойынша жүргізеді. Студенттер жұмысшы мамандықтар, аспазшы, маркетинг, архивист және басқада салалар бойынша білім алып шығады. Аталмыш оқу ордасы басшысының сөзінше, жаңа оқу жылына орай 7 мамандық ашылып, 175 студент қабылданады. Бүгінгі ісшараға қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерінен 30 дан астам оқушылар жиналды. Қазір олар таңдау үстінде. Қайда барсам, қандай мамандықты таңдасам екен деп жүр. Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Аружан Жанат: «Мен бұл колледжден көптеп үйрендім, маған бүгінгі ісшара өте қызықты болды. Күшті, маған ұнайды» дейді. Бұл марафон Лисаков қаласының жастар ресурстық орталығымен біргелікте ұйымдастырылған. Ісшара екі кезең бойынша өтті. Біріншісінде – қатысушылар бір бірімен танысып және психолог маман оқушылармен түрлі тренингтер өткізді. Ал соңғы этапта әлеуметтік жобалар бойынша жұмыстар жүргізілді.

30/04/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *