28 мaя 2024 - вторник

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости, Социальная сфера

Сәуірдің 29-нан қаламызда инватакси жұмысын бастады. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуде.

Дулат Тоқсеитов 2019 жылы денсаулығына байланысты 1 топтағы мүгедектікті алған. Енді тұрақты түрде, аптасына 3 рет диалез орталығына барады. Бұған дейін, Рудный қаласына қатынып жүрген ол, қазір Лисаковта осындай медициналық орталық ашылып, өте қолайлы болды, дейді. Дулат Тоқсеитов: “Кейде денсаулығым нашарлап, жаяу жүре алмаймын, сол кезде көлік шақыртуға тура келеді. Ал қазір, қалада мүгедектерге арналған такси жұмыс істеп бастады, бұл біз үшін өте жақсы болды. Кез келген уақытта алып кетіп, қажетті жерге жеткізеді” Инватакси қызметін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық мүгедектер қоғамы көрсетеді. Осы орайда, жергілікті бюджеттен 4 млн. астам қаржы бөлінген. Көлік жайлы айтатын болсақ, жаңа емес, жүргеніне 10 жылдай болған. Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұржамал Жортымбаева: “Көлік 2011 жылы сатып алынып, мүмкіндігі шектеулі балалардын күндізгі бөліміне берілген болатын. Осы уақытқа дейін машина 100 пайыз пайдаланылды, деуге болады. Өткен жылы шамамен 1 млн. теңгеге қозғалтқышы ауыстырылды. Қазір, өздеріңіз көріп тұрғандай жұмыс істеп тұр”. Инватакси қызметі, осы күнге дейін түскен өтініштерге сәйкес 30 астам мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетіледі деп жоспарлануда. Негізінен оны мүгедектігі бар тұлғалардың екі категориясына кіретін адамдар пайдалана алады. Нұржамал Жортымбаева: “Бұл – оңтайландырудың жеке бағдарламасы бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға, яғни жеке көмекшінің қызметін пайланатын 1 топтағы мүгедектер, сондай ақ, мүгедектер арбасымен жүретін адамдар. Біздің қаламызда бұл категорияда шамамен 70 жуық адам бар” деп атап өтті. Инватакси бірінші кезекте мүгедектігі бар жұмыс істейтін және білім алатын азаматтарға беріледі. Ал мүмкіндігі шектеулі өзге адамдарға әлеуметтік көлік қызметі олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады. Бүгінгі күні қаламыздағы 11 азамат осы такси қызметін пайдалануда. Лисаков қалалық мүгедектер қоғамының төрайымы Талжібек Нұрахметова: “Олар негізінен әлеуметтік нысандарға, денсаулық сақтау мекемелеріне, прокуратура, сот, оқу ордалары, жұмыс істейтін жерлеріне баралады. Сонымен бірге, вокзалдарға жетулеріне болады” Бүгінгі күні Лисаковта 900 астам мүгедектігі бар адамдар тұрады. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар саны 115. Инватакси қызметі қажет болып жатса, қалалық мүгедектер қоғамына жүгініп, қажетті құжаттарды ұсынып, өтініш бересіздер. Такси диспетчеріне 3-52-66 телефон номері бойынша қоңырау шалуға болады.

04/05/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *