08 декабря 2024 - воскресенье

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДАРЫ ҚАЛАЛАРЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

В РАМКАХ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» В РАЙОНАХ И ОБЛАСТНЫХ ЦЕНТРАХ КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОШЛИ МАСШТАБНЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ

Сәуір айының басында ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясын қостанайлықтар әлі де белсенді қолдауда.. Бүгін Қостанай облысының түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты. Экологиялық іс-шараларға жүздеген қатысушылар жиналды, олардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар.

Адамдарды ортақ үйімізді таза және әдемі ету, экология мәселелеріне назар аударып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау сияқты ортақ мақсат біріктірді. Барлығы 20-дан астам түрлі акция, флешмоб пен челлендж өтті.

Мәселен, Қостанай қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза ойындар» жастар экологиялық акциясы өтті. Ұйымдастырушылар – «Neco» кологиялық қоры» қоғамдық қорымен бірге «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» ( ЖРО).

«Бүгінгі басты міндетіміз – жастарды экологиялық бастамаларға тарту және ауқымды акцияны белсенді қолдау», – дейді облыстық МРК басшысы Абай Дүйсеков. – Акция балаларға өте ұнады. «Таза ойындардың» логикалық жалғасы болады деп ойлаймын. Мұндай іс-шаралар туған қаланың немесе ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілікпен қарауын оята алатынына сенімдімін».

«Таза ойындар» акциясына «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жауынгерлері, ЖРО қызметкерлері мен еріктілері, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің волонтерлері және т.б. қатысты.

Халық арасында ортақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру эстафетасын Арқалық қаласы мен Сарыкөл өңірінің тұрғындары да қолдады. «Демалыс» орталық саябағында Арқалық ЖРО қызметкерлері мен еріктілері «Таза Арқалық» флешмобын ұйымдастырды.

Сарыкөлдіктер де «Меньше мусора – меньше проблем» деген тақырыппен ұйымдастырылған акцияға белсене қатысты. Қатысушылар отбасымен және достарымен уақыт өткізгенді ұнататын жерлері – саябақтардан, алаңдардан және жағалаудағы аумақтардағы қоқыстарды тазартты. Шараға 50-ден астам адам қатысты, оның ішінде жергілікті тұрғындар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және еріктілер бар.

Денисов ауданын дене шынықтыру және спорт мекемелерінің спортшылары мен қызметкерлері спорт нысандарын абаттандыру акциясына қатысып, сол арқылы челлендж бастады.

«Шараның мақсаты – облысымыздағы және жалпы елімізде тазалық орнатуға азаматтардың назарын аудару», – дейді спорт бөлімінің басшысы Наталья Филатова құлшыныспен. – Біз бәріміз Қазақстанның азаматымыз, ал Денисов ауданының спортшылары «Таза Қазақстан» республикалық акциясынан қалыс қала алмады. Секцияларда жастайынан балалардың экологиялық тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, тәрбиешілер олардың бойында Отанға деген құрмет сезімін оятады».

Өз кезегінде Федоров ауданында «Таза Қазақстан» аясында «Ең таза балалар алаңы» акциясы өткізіліп, нәтижесінде жастар ұйымдары мен еріктілер ауылдардағы балалар мен спорт алаңдарын абаттандырды.

«Бірге бір күн жұмыс істеп, тренажерларды жөндедік, жаңа орындықтар орнатып, қоқыс жәшіктерін орнаттық», – деп атап өтті «Федоров ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ахметчин Мұсатафа. Балалар арасында экологиялық тақырыптарда сайыстар мен викториналар ұйымдастырылып, ойын алаңдарында тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелер өткізілді».

Қарабалық ауданында экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған «Жастар Таза Қазақстан үшін» флешмобы өтті. Экологиялық квесттер мен байқаулар ұйымдастырылып, қатысушылар экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша білімдері мен дағдыларын көрсете алды. Жастарға тазалықты сақтау және қалдықтарды дұрыс басқару маңыздылығы туралы айтылды. Дәрістер қалдықтарды сұрыптау және бір реттік пластмассаларды пайдалануды азайту бойынша практикалық кеңестерді қамтыды.

Ал Ұзынкөл ауданында «Жасыл аймақ» күні орталық саябақта бағалы ағаш түрлерінің 250 көшеті отырғызылды. Бұл экологиялық акцияға «Ершовское-2» ЖШС директоры Сәбит Ағайдаров қаржылай қолдау көрсетті.

«Қамқорлық, жерлестердің өмірін жақсарту, еңбек пен тұрмысқа қолайлы жағдай жасауға ұмтылу – жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлеріне тән қасиет», – дейді Ершов ауылдық округінің әкімі Мария Гоян. – Жұмыстар мен іс-шаралардың негізгі көлемін «Ершовское-2» ЖШС атқарды. Соның нәтижесінде саябақта брусчатка, түрлі демалыс орындары, жүгіру жолдары, әдемі өңделген көгалдар пайда болды. Сондай-ақ, бюджет қаражатына жарықтандыру және бейнебақылау камералары, баскетбол алаңы орнатылды, балалар ойын алаңы жабдықталды».

Ауылдық округ басшысының айтуынша, биыл Ершовкаға тағы да балалар ойын алаңы мен сырғанақ орнатуды жоспарлап отыр.

Ауылдық округ басшысының айтуынша, биыл Ершовкаға тағы да балалар ойын алаңы мен сырғанақ орнатуды жоспарлап отыр.

Рудный қаласында «спорттық экосаяхат» ұйымдастырылды. Жастар еңбек жасақтарының қатысуымен осындай атаумен команда құрылды. Жастар еңбек жасақтары Рудный қаласының көрікті жерлерін аралап, табиғатты тамашалап қана қоймай, орманды және жағалаудағы қоқыстарды тазартты. Шара аясында эстафеталық жарыстар, футбол және волейбол жарыстары, спорттық бағдарлау шаралары ұйымдастырылды, сонымен қатар қатысушылар экологиялық мінез-құлық негіздері бойынша шеберлік сабақтарын өткізді, қалдықтарды дұрыс сұрыптауды үйренді және олардың табиғатқа тигізетін әсерін барынша азайту жолдарын білді.

«Бұл іс-шара бәрімізді біріктірді, біз командалық рухты сезіндік», – деп өз әсерімен бөлісті тимбилдингтің қатысушысы және ұйымдастырушысының бірі Рудный ЖРО директоры Шохова Ақбілек.

Айта кетсек, биыл елді мекендерді абаттандыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жоспарланған 130 мыңнан астам көшеттің 51,4 мыңнан астамы отырғызылды. Көшелер 90%, жарықтандырылып, 108 ауылға 129 шақырым қоршау орнатылады.

Ағымдағы кезеңде (а.ж. 10 сәуірінен 13 маусымға дейін) тазарту жұмыстарына мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері тартылды. Барлығы 249,6 мың адам қатысып, 106 рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары жойылды, сквер абаттандырылып, 127,0 мың тонна қоқыс шығарылды, 51,4 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Инициированную еще в начале апреля Президентом страны К.-Ж. Токаевым акцию «Таза Казахстан» костанайцы по-прежнему продолжают широко поддерживать. Сегодня в едином трудовом порыве на субботники вышли жители во всех уголках Костанайской области. Экологические мероприятия собрали сотни участников, среди которых представители местных властей, общественных организаций, студенты, активисты и просто неравнодушные граждане.

Людей объединила общая цель – сделать наш общий дом чище и краше, и, безусловно, привлечь внимание к вопросам экологии и необходимости бережного отношения к окружающей среде. Всего состоялось более 20 различных акций, флешмобов и челленджей.

В г. Костанае, к примеру, в рамках республиканской акции «Таза Казахстан с размахом прошла молодежная экологическая акция «Чистые игры»». Организаторами выступили «Молодежный ресурсный центр Костанайской области ( МРЦ)» совместно с общественным фондом «Экологический фонд «Neco».

«Своей главной задачей сегодня, как, впрочем, и всегда мы ставили лишь одно – приобщить молодежь к экологическим инициативам и поддержать саму масштабную акцию, – рассказал Абай Дуйсеков руководитель областного МРЦ. – Ребятам-участникам очень понравилось. Думаю, у «Чистых игр» будет логическое продолжение. Уверен, подобные мероприятия способствуют не только улучшению экологической ситуации в родном городе, селе, но и способны формировать у жителей ответственное отношение к окружающей среде».

В акции «Чистые игры» участие приняли бойцы молодежных трудовых отрядов «Жасыл ел», сотрудники и волонтеры МРЦ, волонтеры представительства РОО «Ассамблея жастары» по Костанайской области и многие другие.

Эстафету по формированию общей экологической культуры среди населения поддержали и жители г. Аркалыка и Сарыкольского района. В центральном парке «Демалыс» сотрудники и волонтеры Аркалыкского МРЦ организовали флешмоб «Таза Аркалык».

В акцию с говорящим названием «Меньше мусора – меньше проблем» активно включились и сарыкольцы. Участники очистили от мусора места, где любят проводить время с семьей и друзьями – парки, скверы, прибрежную территорию. В акции приняли участие более 50 человек, включая местных жителей, представителей общественных организаций и волонтеров.

Спортсмены и работники учреждений физкультуры и спорта Денисовского района приняли участие в акции по благоустройству спортобъектов, тем самым запустив челлендж.

«Его цель – привлечь внимание граждан к порядку, чтобы и в нашем районе и в нашей стране в целом повсеместно было чисто, – с воодушевлением говорит руководитель отдела спорта – Филатова Наталья. – Мы все – граждане Казахстана, и спортсмены Денисовского района не могли остаться в стороне от республиканской акции «Таза Казахстан». В секциях, к слову, с юных лет много внимания уделяется, в том числе, и экологическому воспитанию детей, тренеры прививают им чувство бережного отношения к Родине».

В свою очередь, в Федоровском районе в рамках «Таза Казахстан» прошла акция «Самая чистая детская площадка», в результате которой молодежные организации и волонтеры благоустроили детские и спортивные площадки в селах.

«Всего за один день, взявшись дружно, нам удалось отремонтировать и покрасить тренажеры, установить новые скамейки и урны для мусора, – отметил Ахметчин Мусатафа – директор КГУ «Молодежный ресурсный центр Федоровского района». Для детей были организованы конкурсы и викторины на экологическую тематику, а также проведены беседы о важности поддержания чистоты и порядка на детских площадках».

Флешмоб «Жастар Таза Қазақстан үшін», посвященный вопросам экологии и охраны окружающей среды, прошел в Карабалыкском районе. Были организованы экологические квесты и конкурсы, в которых участники смогли продемонстрировать свои знания и умения в области экологии и охраны окружающей среды. Молодежи рассказали о важности сохранения чистоты и правильного обращения с отходами. Лекции включали в себя практические советы по сортировке мусора и уменьшению использования одноразовых пластиковых изделий.

А в Узункольском районе в День «Жасыл аймақ» зеленый пояс центрального парка пополнился 250 саженцами ценных пород деревьев. Финансовую поддержку этой экологической акции оказал директор ТОО «Ершовское-2» Сабит Агайдаров.

«Неравнодушие, желание улучшить жизнь земляков, создать комфортные условия для работы и жизни – отличительная черта местных сельхозтоваро производителей и предпринимателей, – комментирует аким Ершовского сельского округа Мария Гоян. – Основной объем работ и мероприятий проведен силами ТОО «Ершовское-2». В результате в сквере появилась брусчатка, различные зоны отдыха, беговые дорожки, красивые ухоженные газоны. Помимо этого в нем установили освещение и камеры видеонаблюдения, баскетбольную площадку, а на бюджетные средства оборудовали детскую площадку».

По словам главы сельского округа, в нынешнем году в Ершовке планируют установить еще одну детскую игровую площадку и конькобежный корт.

«Спортивный экопоход» организовали в г. Рудном. Тимбилдинг под одноименным названием провели с участием молодежных трудовых отрядов. Молодежные трудовые отряды отправились в поход по живописным местам Рудного, где они не только наслаждались природой, но и занимались уборкой мусора в лесных и прибрежных зонах. В рамках мероприятия были организованы эстафеты, футбольные, волейбольные соревнования, ориентирование на местности .Участники также прошли мастер-классы по основам экологического поведения, научились правильно сортировать отходы и узнавали о способах минимизации их воздействия на природу.

«Это мероприятие нас всех здорово объединило, чувствовалось плечо, командный дух, – поделился впечатлениями участник и организатор тимбилдинга в одном лице – директор рудненского МРЦ Шохова Акпылек.

В завершении дня в сити центре города Костаная был организован музыкальный экологический ивент, направленный на привлечение внимания к вопросам охраны окружающей среды через искусство и культуру. Для гостей ивента были подготовлены интерактивные зоны, где они могли узнать больше о проблемах окружающей среды, принять участие в экологических играх и конкурсах. Были представлены различные экологические проекты и инициативы, реализуемые в регионе. Посетители могли узнать о достижениях и планах по улучшению экологической ситуации.Музыкальные выступления привлекли внимание к важности сохранения окружающей среды и вдохновили участников на активные действия.

Следует отметить, что в текущем году на озеленение и благоустройство населенных пунктов выделено более 11 млрд тенге.

Планируется посадка более 130-ти тыс. саженцев, из них высажено более 51,4 тыс. саженцев. По итогам всех проведенных работ, обеспеченность уличным освещением составит 90%, установка ограждений в 108-ми селах, общей протяженностью 129 км.

На текущий период (с 10 апреля по 13 июня т.г.) были задействованы государственные учреждения и частные организации, крестьянские хозяйства, молодежь, волонтерские и неправительственные организации, депутаты маслихатов, представители КСК, ОСИ. Всего приняло участие 249,6тыс. человек, ликвидировано 106 несанкционированных свалок, благоустроено 320 скверов, вывезено127,0тыс. тонн мусора, посажено более 51,4 тыс. деревьев.

14/06/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *