20 мaя 2024 - понедельник

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости, Разное, Социальная сфера

Жеңіс күні мерекесіне орай қала әкімі тыл еңбеккерлерін құттықтап, азық түлік пакеттерін табыстады.

Қала әкімі бірінші Александра Сидоренконың отбасына келіп, тыл еңбеккерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Александра Андреевна медициналық институтты бітіріп, 1957 жылы күйеуімен комсомол жолдамасы бойынша Қазақстанға тың игеру жерлерін көтеруге аттанып. Ал 1967 жылы енді бой көтеріп жатқан Лисаков қаласына отбасымен көшіп келеді. Александра Андреевна жаңадан ашылған ауруханаға дәрігер болып қабылданып, зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеген. Еңбек өтілі 44 жыл. “Еңбек ардагері” медалімен марапатталған. Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев: “Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен ата бабаларымызды, сонымен бірге тылда жүріп еңбек еткен адамдардың еңбегі мен ерлігін біз ұмытпауымыз керек. Бұл естелікті өскелең ұрпаққа жеткізіп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуміз қажет. Бастысы мұндай соғыс болмасын, бүкіл әлемде тек бейбітшілік болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын” деп атап өтті. Әрі қарай қала басшысы 90 жасар Мағрипа Құлманованың үйіне атбасын тіреді. Соғыс жылдарында Таран ауданы, Степной кентінің егістігі мен фермасында ересектермен бірге еңбек еткен. 18 жасында еңбекқор қызды фермаға сауыншы ретінде қабылдайды, сол жерде құрметті демалысқа шыққанға дейін 37 жыл еңбек еткен. Абай Ибраев тыл еңбеккерлерін құттықтап, азық түлік пакеттерін табыстады. Бүгінгі күні қаламызда көзі тірі ҰОС ардагерлері қалмаған, өкінішке орай. Қала әкімінің бас болуымен, мемлекеттік мекеме басшылары, депутаттар қаламыздағы 120 дан астам тыл еңбеккелерінің үйін аралап, Жеңіс күнімен құттықтады.

10/05/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *