06 мaя 2024 - понедельник

Акцент

Лисаковское телевидение

Правопорядок, Разное

Лисаков аумағындағы орман алқабында өрт-тактикалық оқу жаттығулары өтті.

Оқу жаттығуларының аңызы бойынша, №3-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчеріне орманшыдан қала аймағындағы орман алқабында өрт шыққандығы жайлы хабар түседі. Осы орайда, өрт сөндірушілер дабыл бойынша дереу оқиға орнына шығады.

Лисаков қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Жәнібек Ибраев: “Оқу жаттығуына Лисаков қаласының №3 МӨСБ, “Семсер өрт сөндіруші” мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, Таран орман шаруашылығы мекемесі, жергілікті атқарушы органдар, сонымен бірге полиция бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы да жұмылдырылды” деп атап өтті.

Лисаков қаласының мемлекеттік орман қорының жерлері Таран орман шаруашылығы мекемесіне қарайды. Жасыл аймақтың жалпы ауданы 169 гектарды құрайды, оның ішінде қылқан жапырақтылар 73 және жапырақты ағаштар 96 гектар алқапты алып жатыр. Орманды қорғаумен 2 орманшы, 1 орман шебері айналысады.

Таран орман шаруашылығы мекемесінің орманды қорғау күзетінің инженері Артём Гоменюктің сөзінше: “Біздің мекемеден бүгінгі оқу жаттығуына өрт сөндіруге арналған машина, шағын өрт сөндіруге арналған кешен, ПКЛ-70 жер жырту соқасы бар трактор, және 10 адам қатысуда. Яғни, орман өрт сөндіру станциясының басшысы, орманшылар, тракторшы мен жүргізушілер тартылған”

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінен Қостанай облысы аймағында өрт қауіпсіздік шараларына дайындық маусымы басталды. Сондықтан құтқарушылар тілсіз жаудың алдып алып, жол бермеу мақсатында, осындай оқу жаттығуларын жиі өткізіп отырады.

Жәнібек Ибраевтың айтуынша осы жылы 2 оқу жаттығуларын өткізу жоспарланған. Біріншісі бүгінгі ісшара, яғни өрт қауіпсіздігі кезені басталған кезде. Ал екіншісі күзге қарай ұйымдастырылады. Шамамен қыркүйек, қазан айларында.

Мамандардың болжамы бойынша ауа райының ыстық болуына байланысты биыл өрттің шығуы жиілемек. Дегенмен қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтасақ, апаттың алдын алуға болады, дейді төтеншеліктер.

Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері: “Табиғат аясына шыққанда, адамдар от жағатын болса, онда заң бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғаларға 20 АЕК, лауазымды тұлғаларға 50 АЕК, шағын және орта бизнес субъектілеріне 200, ірі ұйымдардың субъектілеріне 300-500 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделеді. Сондықтан, қала тұрғындары мен қонақтарын, орманда, саяжайда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, барынша абай болуға шақырамыз” дейді.

Осы орайда, 4 мобильді топ құрылған. Олар Лисаков қаласы мен Октябрь кенті аймағында күнделікті негізде табиғи өрттердің алдын алу және әкімшілік бұзушылықтарды анықтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шараларды жүргізуде.

26/04/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *