20 мaя 2024 - понедельник

Акцент

Лисаковское телевидение

Новости, Правопорядок, Разное

Лисаков қаласы полиция бөлімінде Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараға жергілікті полиция бөлімінің жеке құрамы, сондай ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Полиция бөлімінің басшысы Қазбек Бисембаев жиналғандарды Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтап, игі тілегін жолдады. Сонымен бірге, қала әкімінің орынбасары Саят Шаймұрынов сөз алып, бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке, деп атап өтті. Салтанатты шара барысында ішкі істер органдарының ардагері Виктор Берлоус Қостанай облысы полиция Департаментінің грамотасымен марапатталды. Полиция капитаны Сұлтан Қасеновқа ҚР ішкі істер министрлігінің алғыс хаты табысталды. Сондай ақ, екі тәртіп сақшысына арнайы шен берілді. Соның бірі, ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы Шынар Сабыржан. Ол майор атағын алды. Лисаков қаласы полиция бөлімі жыл сайын жас қызметкерлермен толығып отырады. Осы жылы қызметке 4 жігіт қабылданған. Олар бүгін салтанатты түрде ант қабылдады. Ал бүгінгі ісшараға қатысқан ішкі істер органдарының ардагерлері, бейбіт өмір бен тыныштықты сақтау үшін қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді. Салтанатты шара соңында, жиналғандар қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полиция қызметкері Александр Туромшиннің ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

10/05/2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *